АймақӘлеуметБілім

Антикор волонтерлармен колледждерде оқуға құжат қабылдау процесінде шынайылықты қамтамасыз ету ұсынылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің еріктілері кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарында жүргізген мониторинг барысында қабылдау комиссияларының жұмысын зерттеді.

Еріктілер мемлекеттік грант үміткерлерінің мамандықтар бойынша құжаттарын қабылдауға, шығармашылық емтихандар мен психологиялық тест тапсыруға назар аударды.

Мониторинг нәтижелері бойынша Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп қабылдау комиссияларының жұмысына қатысты ұсынымдар берілді.

Ұсыныстар қатарында мемлекеттік грант үміткерлерінің мамандықтар бойынша құжаттарды қабылдаудың шынайылығын қамтамасыз ету болды.

Айта кетейік, биыл мемлекеттен өңірдегі 43 колледжге 15300 грант бөлінген, Республикалық бюджеттен 14618, жергілікті бюджеттен 650, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар қатарынан білікті кадрларды даярлауға 31 орын қарастырылған. Ұсынымдарды жүзеге асыру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, Антикор бей-жай қарамайтын азаматтарды «Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына қатысуға шақырады. Ол үшін Түркістан қаласы, Тәукехан даңғылы №100 мекенжайына немесе +7(72533)26932, +77017877585 телефонына хабарласуға болады.

Кәсіпкер жергілікті атқарушы органдары тарапынан әкімшілік кедергіге тап болған

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2023» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *