ӘдебиетРуханият

ЕКІ ЖОЛДАС

Советқазы НҰРСИЛА жүрегі елім деп соққан санаулы азаматтардың бірі. Әсіресе, қоғамымыздың үлкен дертіне айналып отырған әсіредіншілдермен күресе жүріп, жастардың көкірек көзін ашуда аянбай қызмет етіп келеді. 

Советқазы аға қолы қалт еткенде ойлы өлеңдер де жазады. Бүгін назарларыңызға «Екі жолдас» атты өлеңін ұсынып отырмыз.

Өткен күнге өкінішпен қараймын, 

Жүргеніме жолдасы боп талайдың.
Қиналғанда табылатын қасымнан,
Жолдасымды жақыныма санаймын.

Кейде қалам​ өз-өзіме​ таң қалып.
Еске түсіп жүрген кезім алданып.
Бір жолдасым — арым менен ақылым.
Бір жолдасым — ақымақтық, аңғалдық.

Бір жолдас бар пайдакүнем, пысықай.
Жүрісі оның ін аңдыған мысықтай.
Ақша көрсе жолдастығы сол достың,
Ұшып кетер еріндегі ұшықтай.

Жолдас іздеп өтті күндер сенделген.
Қателесіп жүрдім бе екен әлде мен.
Ал, біреулер​ пайда үшін дос болса,
Достар бар ғой, досы​ үшін жан берген.

Бұл жалғанда біз көрмеген іс барма
Тарғыл мысық жолдас болмас тышқанға
Бір ақ атым насыбайға өкпелеп,
Жаман досың айналады дұшпанға.

Міне, осындай «жолдас» жайлы ойларым.
Сол ойлармен тұңғиыққа бойладым
Жолдастығын сатып жүрген достарды.
Керек екен кейде сынап қойғаның.

Нағыз досың дұшпаныңнан қорғайды.
Малдың досы, жанның досы болмайды.
Бұл жалғаннан түсінгенім, түйгенім,
Нағыз жолдас болмаса егер, сол қайғы.

P.S.
Өзгертті​ құндылықты мына заман.
Бақ тайса, жолдастық та болар тәмам.
Итіңіз жолдас болса сондай жақсы,
Жолдастың ит болғаны қандай жаман.

Советқазы Нұрсила.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі.

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 200 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ОҚУЛЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *