«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРАЛАМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Ауылдағы жұмыссыздықты жою, ауыл халқын жеке кәсібін дөңгелету арқылы табыс табуға үйрету, осы бағытта қолдау көрсету мақсатында елімізде жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасын түсіндіру бойынша Түлкібас ауданында қарқынды жұмыстар атқарылуда.
Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың тапсырмасына сәйкес, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ұлас Тұяқбай Әлімбаев бастаған «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Түлкібас аудандық филиалының директоры Қайрат Асылболатов, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының аудандық филиалының директоры Нурбек Изтлеуов және микро қаржы ұйымдарының өкілдерінен құралған жұмысшы топ бағдарламаның 6-шы бағыты яғни, тұрғындардың өз кәсібін ашу мәселесі бойынша үгіт-насихат жұмыстарын Шақпақ, Рысқұлов, Мичурин және Балықты ауылдық округтерінде жүргізді. Ол жерде ниет танытқан кәсіпкерлердің көкейіндегі сауалдарға жауап қатып, мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін, несие рәсімдеу жолдары түсіндірілді.
Құрметті, Шақпақ, Рысқұлов, Мичурин және Балықты ауылдық округінің тұрғындары !!!
Егер Сіздер, жеке өзіңіз бизнес құрып, 2,5 пайыздық несие алуға ниет білдірсеңіздер, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Қонаев көшесі №16-үй аудандық кәсіпкерлік мектебінде құжаттарыңызды сүйемелденетінімізді хабарлаймыз! Несие рәсімдеу үшін көрсетілетін қызметтің бәрі тегін, яғни ақысыз екенін естеріңізге саламыз!
Жеке тұлғалардың өтініштерін қарау үшін қажетті құжаттардың тізбесі
1. Жеке куәлік, Жұбайының жеке куәлігі, неке куәлігі (көшірме және түпнұсқа салыстыруға); Егер несие алушы жесір/бойдақ/ажырасқан болса қайтыс болғандығы немесе ажырасқандығы туралы куәлік табыс етуі тиіс. Несие алушы бойдақ болса ЦОН-нан Некеде жоқ деген анықтама қажет.
1. http://xn--e.gov/ личный кабинеттен мекен жайын скрин жасап шығару және жергілікті әкімдіктен сол мекен жайда қай күннен, қай айдан, қай жылдан бастап тұратыны туралы анықтама
2. Бюджетке қарызы бар немесе жоқтығы туралы Салық басқармасынан анықтама;
3. Тиісті әкімшіліктегі вет.врачтан мал жөнінде бар/жоқтығы жайлы анықтама (тұпнұсқа);
4. Кепілге қоятын жылжымайтын мүліктің құқық белгілеуші құжаттары (шешім, гос.акт, тех.паспорт, акт приемка. көшірме және түпнұсқа салыстыруға) және Бизнес орнының құжаттары. (көшірмесі) Адресный регистр (Цон-нан)
5. ЦОН-нан Кепілге (залогқа) қоятын мүліктің қамауда жоқтығын/барлығын растайтын анықтама (справка обременения);
6. Кепіл берушінің жеке куәлігі, жұбайының жеке куәлігі, неке куәлігі (көшірме және түпнұсқа салыстыруға); Егер кепіл беруші жесір/бойдақ/ажырасқан болса қайтыс болғандығы немесе ажырасқандығы туралы куәлік табыс етуі тиіс. Несие алушы бойдақ болса ЦОН-нан анықтама қажет.
7. Бизнес жоспар.
8. Кредитная история (ПКБ) өзіне, жұбайына ЦОН-нан және ключ флешкаға салып алып келу керек
Мақұлданғаннан кейін!
1. Нотариуспен расталған қол қою үлгісі бар құжаты қажет/ Образец подписи
2. Нотариустан кепіл иесінің жанұя мүшелерінің (зайыбының), жылжымайтын мүлікті кепілге қоюға нотариалды куәландырған келісім/Согласие 1 экземпляр/
3. Ұсынылған кепіл мүлкінің қамауда жоқтығын растайтын анықтама/Обременения.
4. Талап еткен жағдайда тұрақты жалақысы бар кепілгер қажет.(1. Жұмыс орнынан жалақысы туралы анықтама соңғы 6 айға, 2. Жұмыс істейтін орнынан анықтама, 3. Кредитная история (ПКБ) 4. жеке куәлігі және мекен жайы (http://xn--e1a.gov/ личный кабинеттен)
1. Түркістанға келісім шартқа қол қоюға барған кезде кепіл мүліктің түпнұсқа/оригинал құжаттарын алып бару керек.
2. Кепіл мүліктің егесі (залогодатель) міндетті түрде бару керек.
3. Гарант келісім-шартқа қол қоюға баруы керек
1. Түзілген келісім-шартты (3 дана) Әділет басқармасына (ЦОН) тіркеу қажет.
2. Нотариалды куәландырған келісімді беру /Согласие 2 экземпляр/
3. Тіркелгеннен кейін мүліктің кепілге қойылғаны жөнінде справка/обременения шығару керек.
Несие алынғаннан кейін!!!
1. «Ырыс-бизнес» арқылы несие алынған болса, алынған көліктің немесе техниканың алдыңғы егесінің атындағы тех.паспорт көшірмесін және жеке куәлік көшірмесі алу қажет. Одан кейін өзінің атына аударып тех.паспорт көшірмесін, жеке куәлік көшірмесі өткізу қажет.
Comments