АймақБизнес

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН СУБСИДИЯЛАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Келес ауданында жылыжай шаруашылығын субсидиялауға қойылатын талаптар мен жылыжайларды стандарттау және қысқы маусымға дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ауданның жылыжай шаруашылығымен айналысушы агроқұрылым өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспанов, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Қанат Қабылбеков және «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалының өнім және қызмет көрсету сәйкестігін растау бөлімінің басшысы Шолпан Сарсенова қатысып, Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев жиынды жүргізіп отырды.
— Еліміздің азық–түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жылыжай шаруашылығының қосар үлесі зор. Бүгінгі таңда аталған салаға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында гектарлы субсидияны енгізу бойынша шешім қабылданып отыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыжай шаруашылықтарын қолдау күшейтілді. Облыс басшысы бұл салаға жан-жақты қолдауды күшейтіп, жаңа жобалардың жүзеге асуын толық бақылауында ұстап отыр. 2024 жылдан бастап жылыжайларда пайдаланылған электр энергиясы мен газ шығындары ішінара субсидиялаудың қарастырылады. Тиісінше, «Фермерлік жылыжайларға жалпы техникалық талаптарының мемлекеттік стандарты» бекітіліп, өнеркәсіптік жылыжайлармен қатар, фермерлік жылыжайлар да субсидияланады, — деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Үсенбекұлы.
Кездесу барысында шаруалар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, тиісті жауаптарын алды. Айта кетейік, жалпы Түркістан облысында 1 517 гектарды құрайтын 3 366 бірлік жылыжайлар бар. Оның ішінде: 87,2 гектар 26 бірлік өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлар және 1 429,8 гектар 3 503 бірлік фермерлік жылыжайлар.

Д.САТЫБАЛДЫ: «АУЫЛ АМАНАТЫНА» ЖАУАПТЫЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ ҚАРАЛАДЫ»

Алдыңғы

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖӘНЕ «ЖЕР АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *