АймақБизнес

БӘЙДІБЕК: «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ IV-БАҒЫТЫ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін ауданда «Ауыл Аманаты» бағдарламасының IV-бағыты балық шаруашылығын дамыту бойынша балық шаруашылығы саласымен айналысатын кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру мәселесіне қатысты түсіндіру жиыны өтті, деп хабарлайды MUZBALAQ.KZ ақпарат агенттігі.
Жиынға арнайы қатысқан облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Болысбек Шәріпбеков хабарлама жасап, ауыл халқының табысын арттыруға арналған «Ауыл Аманаты» бағдарламасының IV-бағыты Балық шаруашылығын дамыту үшін сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайызды құрайтын, қаржы көлемі – 8 625 000 теңгеге дейінгі несие алу арқылы аумағы үй іргелік немесе 0,15 га асқан жағдайда кәсіптік балық шаруашылығымен айналысуға болатынын түсіндірді. Сонымен қатар балық асырайтын бассейн қазудан бастап, шабақ алу, оны өсіру, және сату кезіндегі барлық этаптарды заң аясында қалай жасау керек екендігі түсіндіріп өтті.
Аталған басқарманың бас маманы Абай Сәдірхожа акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы бұйрық шарттарын таныстырды.
Жиынға қатысқан аудан тұрғындары елді мекені маңынан балық шаруашылығымен айналысуға жер телімін беру және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірқатар сауалдарын қойып, қолданыстағы заң аясында түсіктеме берілді. Сұратылған жер телімдері елді мекеннің ортақ жайылымнан тыс жерден болу керектігі түсіндірілді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Бақыт Қырғызалиев аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен ауылдық округі әкімдеріне «Ауыл аманаты» бағдарламасының IV-бағыты балық шаруашылығын дамыту бойынша балық шаруашылығы саласымен айналысатын кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру мәселесіне қатысты және инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы және Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы бұйрықтың шарттары мен қойылатын талаптары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Ауыл Аманаты» бағдарламасының IV-бағыты балық шаруашылығын дамыту бойынша өткен жиынға облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Шәріпбеков Болысбек, аудан әкімінің орынбасары Қырғызалиев Бақыт, ауылдық округ әкімдері, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары, «Ырыс» МҚҰ ЖШС мамандары және балық шаруашылығымен айналысуға ниетті агроқұрылымдар қатысты.

«АУЫЛ АМАНАТЫ»: ІV БАҒЫТ – «БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ» БОЙЫНША КЕЛЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

Алдыңғы

“АУЫЛ АМАНАТЫ” БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫ КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *