Бүгін қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының ІV бағыты – «Балық шаруашылығын дамыту» бойынша келелі жиын өтт, деп хабарлайды MUZBALAQ.KZ ақпарат агенттігі.
Арыс қаласының ауыл шаруашылық бөлімі басшысы Нұрлыбек Біләлбековтың төрағалығымен өткен жиынға Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Болысбек Шәріпбеков пен аталған басқарманың Бас маманы Абай Сәдірқожа, Арыс қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қуаныш Шойнахов, ауыл әкімдері мен балық шаруашылығын дамытуға ниетті ауыл тұрғындары қатысты.
«Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша кәнігі сала мамандары жер-жерде кездесулер өткізіп, балық шаруашылығын дамытуға ниетті тұрғындарға жан-жақты сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде. 2,5 пайызбен берілетін, бір жылдық каникулы бар «Ауыл – аманаты» бағдарламасы Арыста балық шаруашылығын дамытамын деген азаматтарға таптырмас мүмкіндік» — деп атап өтті қалалық ауыл шаруашылық бөлімі басшысы Нұрлыбек Біләлбеков.
Бұдан кейін, облыстан арнайы келген облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Болысбек Шәріпбеков жобаны жан-жақты түсіндіріп өтті.
Жиында балық шаруашылығын дамытуға ниетті азаматтар тарапынан түрлі сауалдар мен ұсыныстар айтылып, жан-жақты жауаптар берілді.
Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алатындығы және техниканы лизингке рәсімдеуге болатындығы түсіндірілді.
Бұдан бөлек, үй іргелік және кәсіпкерлік нысан жерін заңдастыру мен жеке кәсіпті дамытуға қатысты қолдау, көмек шаралары туралы сала мамандары тарапынан әр азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құжаттарды рәсімдеуде әкімдік тарапынан нақты көмектер мен кеңестер берілетіндігі айтылды.
Comments