Басты ақпаратЖаңалықтарҚоғамМәдениет

Д.САТЫБАЛДЫ: “АУЫЛДАРДЫ ӨРКЕНДЕТУГЕ КҮШ САЛАМЫЗ”  

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданының тұрғындарымен кездесті. Жаңа форматта өтіп жатқан есептік кездесудің басым бөлігі тұрғындардың көкейкесті сұрақтарына жауап беруге арналды. Осыған дейінгі кездесуде берген уәделердің қаншалықты орындалғанын халық алдында баяндады. Мәселені қалай шешу керектігін, жолдары мен жүйесін жақсылап түсіндірді. Одан кейін тұрғындардың жекелеген сұрақтарына жауап берді.

 

— Тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – жергілікті биліктің басты міндеті. Сіздердің ой-пікірлеріңізді есту, ауданның әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстарыңызбен танысу біз үшін өте маңызды. Осыған дейінгі кездесуде көтерілген бірқатар мәселелер шешілді. Ауыз су мәселесі бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр. Биыл шыбын-шіркейдің шамадан тыс көбейіп, Сырдария өзенінің бойында орналасқан аудан тұрғындарының мазасын алды. Осыған орай, облыстық бюджеттен 817 млн. теңге бөлініп, толықтай залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды қатаң бақылауда ұстаймыз. 12 мың гектарды құрайтын Шәуілдір суармалы алқабындағы жердің тұздылығын төмендететін каналдар мен бас коллектор жүйесін қайта қалпына келтіруге қатысты бас мердігермен сот процестері өтіп жатыр. Сот шешімі шыққаннан соң жобаны іске асыру бойынша нақты шаралар қабылданатын болады. Бұл мәселе қатаң бақылауға алынған. Сондай-ақ тұрғындар көтерген көшелерді жөндеу жұмыстары жүзеге асып жатыр, – деді облыс әкімі.

 

Биыл негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің жылдық жоспары 29 млрд. теңге болса, 6 айда орындалуы 17 млрд. теңгені құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6 мыңнан асып, 8 мың 600 адам жұмыспен қамтылды. Ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі былтыр 8,7 млрд. теңгеге жетті. Биыл 3,7 млрд. теңгеге инвестиция тарту жоспарланса, 6 айда 1,2 млрд. теңгеге орындалған.

 

Отырарда «Күн электр энергиясын өндіру» бойынша «Arm Wind» халықаралық компаниясы құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жалпы құны 12,5 млрд. теңге. Нысан осы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі. Жеке кәсіпкердің қолға алуымен ауданда ет және сүт өнімдері өндіріріледі. Сондай-ақ шұжық цехының құрылысы биыл толық аяқтады. Жаңа қонақүй бой көтерді.

 

«Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында 96 жоба қабылданып, әзірге 160 млн. теңгеге 36 жоба қаржыландырылды. Бағдарламаның аясында ауданда 4 кооператив құрылды.

 

Соңғы 5 жылда ауданымызда жаңа мәдени, бұқаралық спорт, білім және инфрақұрылымдар нысандары салынды. Тұрғын үй құрылысы жанданды. Табиғи газбен қамту жұмыстары жалғасуда. Шәуілдір ауылындағы жаңа мөлтек ауданда газ құбыры тартылуда. Көшелер жөнделіп, жарықтандырылуда. Таза ауыз сумен тұрғындардың 87%-ы қамтылған. 2025 жылы бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді.

 

Ауданда туристік тартымдылықты арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолынан «Арыстанбаб» кесенесіне дейін туристік маршрут бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарына абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. «Арыстанбаб» кесенесінің аумағы, «Отырар төбе» қалашығы абаттандырылды.

 

– Өркениет ордасы саналатын киелі Отырарда Арыстан баб кесенесі бар. Әрісі әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабиден басталып, бүгінде талай тұлға осы топырақта туған. Отырар ауданы бір жағынан облыс орталығына жақын болған соң, екіншіден осындай тарихи мекен ретінде танылған соң, Түркістанға келген адам Отырарға да соғады. Біздің мақсатымыз – облысымыздың әрбір елді мекенін дамыту. Осыған орай назарды тек облыс орталығына ғана аудармай, барлық ауданды дамыту, көркейту, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау біз үшін өте маңызды. Барлықтарыңызды ауданды дамыту жолында аудан әкімімен бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын. Аудандағы өзекті мәселелерді ең алдымен жергілікті халық жақсы біледі. Сондықтан күрделі мәселелерді шешуге және ауданның дамуына сіздермен бірге жүйелі шаралар қабылдайтын боламыз, – деді Дархан Сатыбалды.

 

Екі сағаттық ашық диалог арқылы өңір әкімі Отырар ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Кездесудің тікелей эфирі Facebook әлеуметтік желісінде өтті, онда желі пайдаланушылары өздерін қызықтыратын сауалдарын қойды. Айта кетсек, Түркістан облысы әкімінің екінші жартыжылдыққа белгіленген халықпен кездесуі кестеге сәйкес өтіп жатыр. Осы уақытқа дейін Дархан Сатыбалды Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Мақтаарал, Жетісай, Сауран, Сайрам және Түлкібас аудандарының халқымен кездесті. Кездесу соңында облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

—-

 

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ПРИЛОЖИМ УСИЛИЯ ДЛЯ ПРОЦВЕТАНИЯ СЕЛ”

 

Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды встретился с жителями Отрарского района. Большая часть отчетной встречи, которая прошла в новом формате, была посвящена ответам на вопросы жителей. Было доложено об исполнении обещаний, которые были даны на предыдущей встрече с населением, и о том, как решать проблемы. Затем глава региона ответил на отдельные вопросы жителей.

 

– Создание благоприятных условий для проживания жителей — главная задача местных властей. Для нас очень важно услышать ваше мнение, ознакомиться с предложениями по дальнейшему развитию района. Решен ряд поднятых на предыдущей встрече проблем. Идет масштабная работа по решению вопросов питьевой воды. В этом году наблюдается увеличение количества комаров, что вызвало беспокойство у жителей населенных пунктов, расположенных вдоль реки Сырдарьи. В этой связи из областного бюджета было выделено 817 миллионов тенге, проведена полная дезинфекция. Мы держим этот вопрос под строгим контролем. Сейчас проходят судебные процессы с генподрядчиком по восстановлению каналов и системы главного коллектора, снижающих соленость земель на орошаемых землях площадью 12 тысяч га. После вынесения решения суда будут приняты конкретные меры по реализации проекта. Этот вопрос тоже находится под строгим контролем. Также ведется ремонт улиц, о чем просили жители, — сказал аким области.

 

В этом году, согласно плану, в основной капитал привлекут 29 млрд тенге, за шесть месяцев исполнение составило 17 млрд тенге.

 

Количество субъектов малого и среднего предпринимательства превысило шесть тысяч, в этой сфере трудятся 8600 человек. Объем инвестиций в сельское хозяйство в прошлом году составил 8,7 млрд тенге, а в этом году планируется привлечь 3,7 млрд тенге (за шесть месяцев привлечено 1,2 млрд тенге).

 

В Отыраре международной компанией «Arm Wind» ведется реализация проекта по выработке солнечной электроэнергии стоимостью 12,5 млрд тенге. Объект будет введен в эксплуатацию в октябре этого года.

 

В районе производится мясная и молочная продукция. Завершено строительство колбасного цеха, построен новый отель.

 

В рамках программы «Ауыл аманаты» принято 96 проектов, на данный момент профинансировано 36 проектов на 160 млн тенге. В рамках программы в районе создано четыре кооператива.

 

За последние пять лет в районе построены новые объекты культуры, массового спорта, образования и инфраструктуры. Активизировалось жилищное строительство. Продолжается работа по обеспечению природным газом. В новом микрорайоне села Шаульдер прокладывается газопровод. Улицы ремонтируются и освещаются. Чистой питьевой водой охвачено 87% населения. У 2025 году этот показатель достигнет 100%.

 

В целях повышения туристской привлекательности в районе проводится масштабная работа. В частности, благоустроены и озеленены объекты предпринимательства вдоль туристского маршрута по трассе «Западная Европа — Западный Китай» до мавзолея Арыстан баба. Благоустроена территория самого мавзолея и городища Отырар.

 

— В сакральном Отыраре есть мавзолей Арыстан баба. Все началось с аль-Фараби, второго учителя мира, многие личности родились на этой земле. Отырарский район стал ближе к областному центру, признан значимым историческим местом, поэтому туристы, прибывающие в Туркестан, стремятся в Отырар. Наша цель — развитие не только областного центра, но и каждого населенного пункта области, создание комфортных условий для жителей. Для этого нужно тесно работать друг с другом, с жителями. Ведь они лучше знают о проблемах в своих районах, – сказал Дархан Сатыбалды.

 

В ходе двухчасового открытого диалога аким региона ответил на вопросы жителей Отырарского района, выслушал предложения и пожелания. Прямой эфир встречи прошел Facebook, пользователи смогли задать интересующие их вопросы.

 

Отметим, встречи акима Туркестанской области с населением, намеченные на второе полугодие, проходят в соответствии с графиком. Дархан Сатыбалды уже встретился с населением городов Туркестана, Кентау и Арыс и Мактааральского, Жетысайского, Сауранского, Сайрамского и Тюлькубасского районов.

 

В завершение встречи аким области провел прием граждан по личным вопросам.

 

Пресс-служба акима Туркестанской области

Құрметті облыс тұрғындары! Антикор ерікті болуға шақырады

Алдыңғы

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *