2023 жылдың 2 тамыз күні Қазығұрт аудандық орталық «Мәдениет» үйінде «Ауыл аманаты» жобасының алтыншы бағытын яғни, тұрғындардың өз кәсібін ашу түсіндіру мақсатында кездесу жиналысы өтті, деп хабарлайды MUZBALAQ.KZ ақпарат агенттігі.
Жиналысқа «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ-нің директоры С.Құрбанов, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіп кешені бөлімінің басшысы Б.Құралбаев, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Б.Өсербаев, салалық мекеме өкілдері мен Шарбұлақ, Шанақ, Қызылқия және Қақпақ ауылы округтерінің тұрғындары қатысты.
Яғни, жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту болып табылады. Өзін-өзі қамтушыларды заңдастыру.
Бүгінде табыстың тетігі кәсіпте екенін жақсы түсінді. Иә, сүйікті ісін табыс көзіне айналдырып, кәсіппен айналысқысы келетін азаматтардың қатары едәуір артқан. Кәсіп бастау үшін мемлекеттен қолдау да көп, тек ынта болса жеткілікті. Осы орайда кәсіппен шұғылданғысы келетін ауыл тұрғындарына «Amanat» партиясы Үкіметпен бірлесіп, «Ауыл аманаты» атты жобаны іске қосты. Бұл – Мемлекет басшысының «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында қолға алынған бастама. Аталған жобаның ауданымызда іске асырылу барысымен танысу және өзге де бірқатар сауалдарға жауап алынды.
Негізінен «Ауыл аманаты» жобасы бойынша қаржыландыру бес бағытта жүргізіледі деп жоспарлануда. Бірінші өңдеу саласына қатысты жобалар, мысалы, жылыжайлар, сүт, ет өндірісі, құс және балық шаруашылығы, екінші өсімдік шаруашылығын дамыту, үшінші ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау, төртінші мал шаруашылығын дамыту бойынша және басқа да бағыттағы бизнес жобалар болып табылады.
Жобаға қатысуға кез келген адам өтініш бере алады. Ұсынылған бизнес жоспардың қажеттілігі, тиімділігі ескеріле отырып, шешім қабылданады. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде бұл жоба қатысушыларына 2,5 пайызбен несие беру көзделуде. Егер мал шаруашылығын қолға алғыңыз келсе, 7 жылға, ал басқа кәсіпті нәсібіңізге айналдырар болсаңыз 5 жылға дейін беріледі. Тек бір шарты бар. Үйіңізді кепілге қоясыз. Сондай-ақ жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі, несие тарихы дұрыс болуы міндетті.
Бағдарламаны іске асырудың маңыздылығы ең алдымен халықтың табысын арттыруға, сондай-ақ экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті дамытумен ұштасқан нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталғандықтан ауыл тұрғындарының жоба игілігін көруге бағыт-бағдар беру – біздің міндетіміз. Осы орайда бүгінде ауданда құрылған жұмысшы топ арқылы ауылдарды аралау жұмыстары жүргізіліп, бағдарламаның мақсат-мүддесін халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында ақпараттық бағытында іс-шаралар атқарылуда.
Жиналыс барысында кәсіпкерлер, тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.
Comments