АймақБизнес

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫН КЕҢІНЕН НАСИХАТТАДЫ

Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік мәселелерін жедел шешу мақсатында Үкімет «AMANAT» партиясымен бірлесіп, бүкіл Қазақстан бойынша «Ауыл аманаты» жобасын іске қосты. Пилоттық жобаның мақсаты — халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттырып, тұрғындардың орташа табысын өсіру болып табылады.
Жобаны халыққа кеңінен насихаттау бағытында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың тапсырмасына сәйкес, жұмысшы топ құрылды. «Ауыл аманаты» жобасының алтыншы бағыты — тұрғындардың өз кәсібін ашып, жүргізуіне берілетін жеңілдіктер мен көмектерді Түркістан облысының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Үгіт – насихат тобы ауданға арнайы іс-сапармен келіп, аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын өткізді. Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Лесбек Әуесханұлы Серікбаев төрағалық етіп, «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ-нің директоры Сапаралы Әділханұлы Құрбанов «Ауыл аманаты» жөнінде кеңінен әңгімеледі. «Жобаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу. Халықтың табысын арттыру бағдарламасы, бірінші кезекте, ауылдық жерлерде жұмыспен қамту деңгейін көтеруге бағытталған», деді жоба жөнінде Сапаралы Әділханұлы.
Айта кетерлігі, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға мүмкіндік алып, кооператив құрамында жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, техниканы лизингке рәсімдей алады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. Несие немесе микронесие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша 7 жылға дейін. Несиенің немесе микронесиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңнама бойынша айқындалады және номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайызды құрайды.

БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮДДЕЛЕРІНІҢ САҚТАЛУЫ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Алдыңғы

“АУЫЛ АМАНАТЫ” ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *