Аймақ

АУЫЛЫН ЫСТЫҚ НАНМЕН ҚАМТЫП ОТЫРҒАН ГҮЛНӘР ХАНЫМ

 Түлкібас ауданында жеке кәсіппен айналысатындар қатары көбейіп келеді. Олардың дені өз кәсібін дамыту мақсатында мемлекеттің қолдауымен кәсіптерін кеңейтуде. Солардың қатарында састөбелік-Гүлнәр Жақсыбаева да бар. Ол өзі иелік ететін наубайхананың қуаттылығын кеңейтіп, кент тұрғындарын ыстық нанмен қамтып отыр.
Гүлнәр ханым өз қаражатымен жүргізіп келген кәсібін кеңейту үшін мемлекеттен қайтарымсыз грант алған. Оған наубайханасына қажетті жабдықтарды алып отыр.
Осылайша, жылдар бойы ас атасын аудан орталығынан тасыған тұрғындардың мәселесі шешімін тапты. Мұнда күніне 600-700 дана нан пісіріледі. Мейрамханалардан тапсырыс түскен жағдайда күніне 1000 данаға дейін нан жабылады. Нысанды кеңейтуді де жоспарлап қойған.
“ – Қазір біз кент ішіндегі 15 дүкенің әр қайсысына күніне 40-60 данадан нан өткіземіз. Кейде тапсырыс көп беріп жатады. Оған үлгермейміз. Кейін үлкейтіп, ауылдық округтерге тасысам деген жоспар бар” – деді Гүлнәр Жақсыбаева.
Аталған наубайханада қазір 2 адам тұрақты жұмыс атқарып келеді. Алдағы уақытта наубайхана көлемі ұлғайып, сұраныс артып жатса тағы бірнеше азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: 2023 ЖЫЛЫ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНІҢ КӨЛЕМІ 1 ТРИЛЛИОН 325 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАҒАН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *