Бүгін, яғни 25.07.2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылуы барысы туралы облыс әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлының төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, жобаға қатысушы ауыл округі әкімдері мен жауапты мамандары, тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары, кооператив төрағалары селекторлық режимде қатысты. Жиында аудандар арасында жобаның атқарылуы барысы талқыланып, күнделікті, апта сайын, айсайынғы аудандар арасында рейтинг жасалынатыны баяндалды. Сонымен қатар, жобаға бөлінген қаражаттың тиімді сапалы игерілуін мақсатты жұмсалуы бойынша аудандарға нақты тапсырмалар жүктелді.
Бұдан бөлек, жиында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің күзгі дала жұмыстарына бөлінген жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуі мен жазғы вегетациялық ағынсу мәселелері талқыланып, аудандарға нақты тиісті тапсырмалар жүктелді.
Осыған орай, жоба қатысушы ауыл округі әкімдері, мамандарымен кооператив төрағалары, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік бөлімдері қызметкерлері және «Ырыс» МҚҰ өкілдерімен «Ауыл аманаты» жобасының ауданда атқарылуы барысы туралы жиын өткізілді. Мәжілісте облыс, аудан әкімдерінің тапсырмаларына сәйкес, несие комитетінде мақұлданған жобаларды құжаттарын рәсімдеп, қысқа мерзім ішінде несие қаржы алуына ықпал ету, ауданда өз деңгейінде орындалуы, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуі, «Ырыс» МҚҰ мен «Түркістан» ӘКК-мен тығыз байланыста жұмыс жасау қажеттілігі айтылып, ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.
Comments