АймақБизнес

500 БАЛАПАНМЕН КӘСІП БАСТАҒАН САМАТ

Бүгінде кез келген кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтарды мемлекет қаржылай қолдауға дайын. Жеңілдетілген пайызбен несие, қайтарымсыз грант алып, жұмыс істеп жатқандар көп. Соның бірі Келес ауданының Ошақты ауылдық округіндегі Самат Үсенбайұлы осыдан екі ай бұрын мемлекеттен 1 млн 380 мың теңге қайтарымсыз грант алып, құс өнімдерін өндірумен айналысуда.
— Мал және егін шаруашылығы жақсы дамыған Келес ауданында бүгінде құс шаруашылығымен айналысуды мақсат етіп отырмыз. Осы мақсатта мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, кәсібімді бастап кеттім. Шымкент қаласындағы құс шарушалығымен айналысатын кәсіпкерлермен келісімге келіп отырмын. Бүгінгі таңда қорған істеуге арнайы сымды қоршауларын және 200 дана шөже алдырттым. Алдағы он күнде тағы 300 дана шөже ауылға жеткізіледі, — дейді Самат Үсенбайұлы.
Кәсіпкердің айтуынша шөжелер 3 айда жұмыртқалай бастайды екен. Бір жарым жыл бойы жұмыртқасын алып, сосын етті бағытта қолданбақ. Жұмыртқаларын сату үшін ауыл аумағындағы дүкендермен келісімге келіпті.

На Координационном Совете обсуждены вопросы межэтнического согласия и борьба с мошенничеством

Алдыңғы

АХМЕТ ЯСАУИДІҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ ТУРАЛЫ АНИМАЦИЯЛЫҚ ТУЫНДЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҒАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *