АймақБизнесЖаңалықтарЭкономика

Д.САТЫБАЛДЫ: «МАҚТААРАЛДА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ» 

Мақтаарал ауданында мақта талшығын өңдейтін зауытының құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Алдағы уақытта зауытта 50 жергілікті тұрғын үшін жаңа жұмыс орны ашылады. Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі саласында иірілген жіптер, маталар мен кілемдер өндірісі, тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі зор. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.

— Жергілікті әкімдердің алдында тұрған басты міндет – жаңа кәсіпорындарды ашу, жаңа жұмыс орындарын құру. Осы жылы мамыр айында облыстық делегациямен Қытай Халық Республикасына барған болатынмын. Сол кезде бірнеше қалалардағы әлемге әйгілі ірі компаниялардың жұмысымен таныстық. Біздің басты мақсатымыз – экономикалық дамуы бойынша тәжірибе алмасып, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашу, халықтың әл-ауқатын арттыру. Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі саласында иірілген жіптер, маталар мен кілемдер өндірісі, тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі зор. Бұл бағыттарды дамыту үшін облысымыздың оңтүстік аудандарының әлеуеті жоғары. Осыны ескере отырып, шілде айында аудан әкімі Бақыт Насырханұлын және облысымыздың оңтүстік аудандарының басшылары мен жергілікті кәсіпкерлерді Қытай мемлекетіне іссапарға жолдадым. Нәтижесінде, Мақтаарал ауданынан жеке кәсіпкер Қытайлық кәсіпкерлермен 2,5 млн. АҚШ долларын құрайтын келісімшартқа қол қойып, жылдық қуаттылығы 60 мың тоннаны құрайтын мақта талшығын өңдейтін зауытының құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Алдағы уақытта 50 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл бағытта жұмыстар әрі қарай өз жалғасын табатын болады,-деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Мақтаарал ауданында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 5 жылда 80 пайызға өсіп, былтыр 10 мыңнан асты. Олармен 39 млрд. теңгеге өнім өндірілді. Биыл қосымша 1,5 мың жаңа шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді. Аудан бюджетінің өзіндік кірістері артуда. Оның көлемі 2019 жылы 1,2 млрд. теңгені құраса, былтыр 3,4 млрд. теңгеге дейін жетіп, 3 есе артып отыр. Осы жылдың 6 айында өзіндік кірістер 1,6 млрд. теңгені құрады (жыл соңына дейін 3,6 млрд. теңге). Бұл түсімдер ауданның әрі қарай дамуына өз септігін тигізеді.

Жоғары оқу орнын бітірген жастарға мемлекет «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында қолдау көрсетіліп, үй салу немесе сатып алу үшін жеңілдетілген несие беріледі. Осы бағдарламаның аясында 2019 жылы ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге келген 420 маманға 327 млн. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы көрсетіліп, бюджеттік кредиттер берілген. Соңғы 5 жылда бөлінген қаржы көлемі 169%-ға артып, осы жылы 480 маманға 552 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып отыр.

Мақтаарал ауданы экономикасының негізгі драйвері — ауыл шаруашылығы. Биыл жергілікті диқандар 61 мың гектар жерге егін екті. Оның ішінде 36,3 мың гектары мақта дақылы.

Мақта дақылынан алынатын өнімділікті және сапасын арттыру мақсатында Өзбекстандық «Globаl Textile» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, «Намаган-77» тұқымдық шит егілді. Биыл бұл компания Мақтаарал ауданында өзінің мақта қабылдау пункттерін ашып, 10 мың гектар алқаптан шикізат қабылдау жоспарланып отыр. Алдағы уақытта мақта қабылдау зауыттарымен қоса мақтаны терең өңдеу фабрикаларын салу жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы өнім көлемін арттыру және шаруалардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобасы аясында 300-ден астам аудан шаруалары ағымдағы жылы 1 мың гектар алқапқа ерте өнім беретін көкөніс дақылдарымен бірге мақта және бақша дақылдарын егіп, өнім көлемін арттыруда.

Мақтаарал ауданындағы суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдірудің 2 кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама аясында 220 канал ретке келтіріліп, 150 тік дренажды ұңғымалар жөнделуде. Жоба құны – 42 млрд. теңге.

Ауданда жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу үшін 24 гектарды құрайтын инфрақұрылыммен қамтылған индустриялды аймақ құрылған. Индустриялды аймақта 4 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылған. Қазіргі уақытта қосымша 2 жобаның іске асырылуы пысықталуда. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда тартылған инвестициялардың көлемі 5 млрд. теңгеге жетіп, 340 астам жұмыс орындары құрылады.

Ауданда жұмыспен қамту шаралары кенінен жүзеге асырылуда. «Еңбек» бағыты бойынша 4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 746 жұмыс орындары ашылды. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

— Өздеріңіз білесіздер, облыс тұрғындардың басым бөлігі ауылды елді мекендерде тұрады, нақты айтқанда 80 пайызы немесе 1,6 млн. адам. 1 млн.-ға жуық ауыл тұрғындарының экономикалық әлеуеті ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Президентіміз ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Осыған орай, қазіргі уақытта іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы біздің облыс үшін өте маңызды.

Бағдарламаның аясында несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады. Атап айтқанда: өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. Сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар. Мақтаарал ауданында бағдарлама Достық, Аязхан Қалыбеков, Иіржар, Жамбыл ауылдық округтерінде іске асырылуда. Бүгінгі күнге «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 76 жоба мақұлданып, 43,5 млн. теңгеге 8 жоба қаржыландырылды, 15 жоба кепіл шартын тіркеу сатысында тұр, — деген облыс әкімі халықты жаңа жобаның көмегімен кәсіп бастауға шақырды.

Кездесуде облыс әкіміне Мақтаарал тұрғындары түрлі ұсыныстары мен пікірлерін айтты, өтініштерін жеткізді. Сонымен бірге жеке қабылдауда да өзекті мәселелер көтерілді. Әрбір сұраққа жауап беріліп, хаттамаға енгізілді. Облыс әкімінің халықпен кездесулері басқа аудан, қалаларда жалғасын табады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: В МАКТААРАЛЕ НАЧАТО СТРОИТЕЛЬСТВО ЗАВОДА ПО ПЕРЕРАБОТКЕ ХЛОПКОВОГО ВОЛОКНА

В Мактааральском районе началось строительство завода по переработке хлопка-волокна. В дальнейшем на заводе будут созданы новые рабочие места для 50 местных жителей.

В Туркестанской области большой потенциал в сфере обрабатывающей промышленности (производство пряжи, тканей и ковров, создание совместных предприятий текстильного кластера). Об этом сообщил аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды на встрече с жителями Мактааральского района.

— Главная задача, стоящая перед местными акимами, — открытие новых предприятий и создание новых рабочих мест. В мае этого года я посетил Китайскую Народную Республику с областной делегацией. Тогда мы познакомились с работой крупных всемирно известных компаний в нескольких городах. Наша главная цель — обмен опытом по экономическому развитию, открытие заводов и фабрик на территории области, повышение благосостояния населения. В Туркестанской области большой потенциал в сфере обрабатывающей промышленности — производство пряжи, тканей и ковров, создание совместных предприятий текстильного кластера. Потенциал южных районов области для развития этих направлений высок. С учетом этого в июле я направил в Китай акима района Бахыта Насырхановича, руководителей южных районов области и местных предпринимателей. В результате один из индивидуальных предпринимателей Мактааральского района подписал контракт с китайскими предпринимателями на 2,5 миллиона долларов США на строительство завода по переработке хлопка-волокна мощностью 60 тысяч тонн в год. Он уже приступил к строительным работам. В дальнейшем на заводе будет создано 50 рабочих мест. Работа в этом направлении будет продолжена, — сказал Д. Сатыбалды.

В Мактааральском районе количество субъектов малого и среднего бизнеса за последние пять лет выросло на 80% и в прошлом году превысило 10 тысяч единиц. Ими была произведена продукция на 39 млрд тенге. В этом году зарегистрировано 1,5 тыс. новых субъектов малого и среднего бизнеса.

Увеличиваются собственные доходы бюджета района. В 2019 году бюджет составлял 1,2 млрд тенге, в прошлом году — 3,4 млрд, увеличившись в этом году в три раза. За шесть месяцев текущего года собственные доходы составили 1,6 млрд тенге (до конца года — 3,6 млрд). Эти поступления будут способствовать дальнейшему развитию района.

Молодым людям, окончившим вуз, будет оказана поддержка в рамках госпрограммы «С дипломом в село» и предоставлены льготные кредиты на строительство или приобретение жилья (1 500 МРП, 0,01%, 15 лет). В рамках данной программы в 2019 году 420 специалистам, прибывшим для работы в сельскую местность, были выделены подъемные пособия на 327 млн тенге и выданы бюджетные кредиты. За последние пять лет объем выделенных средств увеличился на 169%. В этом году планируется оказание социальной помощи в размере 552 млн тенге для 480 специалистов.

Основным драйвером экономики Мактааральского района является сельское хозяйство. В этом году местные фермеры посадили урожай на 61 тыс. га, из них 36,3 тыс. га хлопковых культур.

В целях повышения урожайности и качества хлопчатника проведены переговоры с узбекской компанией «Globаl Textile», посеяны семена сорта «Намаган-77». В этом году компания планирует открыть свои хлопкоприемные пункты в Мактааральском районе и принять сырье с площади 10 тыс. га. В дальнейшем планируется строительство заводов по глубокой переработке хлопка с хлопкоприемными заводами.

В целях увеличения объемов сельхозпродукции и улучшения благосостояния крестьян, в рамках проекта по получению 2-3 урожаев с одной площади, более 300 крестьян района в текущем году возделывают хлопчатник и раннеспелые бахчевые культуры на 1 тыс. га.

Для улучшения мелиоративного состояния орошаемых земель в Мактааральском районе в два этапа ведутся работы по совершенствованию ирригационных и дренажных систем. В рамках программы приведено в порядок 220 каналов, отремонтировано 150 вертикальных дренажных скважин. Стоимость проекта — 42 млрд тенге.

Для открытия новых промышленных предприятий в районе создана индустриальная зона с инфраструктурой площадью 24 га. В индустриальной зоне реализовано шесть инвестпроектов на 4 млрд тенге. В настоящее время прорабатывается реализация двух дополнительных проектов. В случае реализации данных проектов объем привлеченных инвестиций составит 5 млрд тенге, будет создано более 340 рабочих мест.

В районе реализуются меры занятости. По направлению «Еңбек» трудоустроено более четырех тысяч человек. В рамках поручения Главы государства по созданию 100 постоянных рабочих мест на 10 тысяч населения создано 746 рабочих мест.

— Как вы знаете, большая часть населения области проживает в сельской местности, а именно 80 процентов, или 1,6 миллиона человек. Экономический потенциал свыше одного миллиона сельских жителей напрямую связан с сельским хозяйством. Президент поручил уделить особое внимание развитию сел. В этой связи реализуемая в настоящее время программа «Ауыл аманаты» очень важна для нашей области. В рамках программы кредитование будет осуществляться по шести направлениям, в том числе по растениеводству, животноводству, птицеводству, рыбоводству. У жителей есть возможность создавать кооперативы и открывать собственное дело. В Мактааральском районе программа реализуется в сельских округах Достык, Аязхана Калыбекова, Иіржар, Жамбыл. На сегодняшний день в рамках программы «Ауыл аманаты» одобрено 76 проектов на 43,5 миллиона тенге, уже профинансировано восемь проектов, еще 15 находятся в стадии регистрации договора залога, — сказал аким области и призвал население начинать свой бизнес с помощью нового проекта.

На встрече с акимом области жители Мактаарала высказали свои предложения и мнения. Актуальные вопросы звучали и на личном приеме акима. На каждое обращение был дан ответ, все вопросы были внесены в протокол.

Встречи акима области с населением продолжатся в других районах и городах.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР ЕГІСТІК АЛҚАБЫНАН ТӘУЛІГІНЕ ТӨРТ ТОННА ҚИЯР АЛАДЫ

Алдыңғы

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «АУЫЛ АМАНАТЫНЫҢ» МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУҒА ШАҚЫРДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *