ЖаңалықтарҚоғамРуханиятЭкономика

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ШАҒЫН КӘСІП БАСТАҒАНДАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Бүгінгі таңда Сарыағаш ауданында шағын және орта бизнестің дамуына ерекше мән беріліп келеді. Әсіресе мемлекеттік гранттар біраз адамның кәсіп бастауына оң әсерін тигізіп отыр.
Осы орайда, аудан әкімі Арман Абдуллаев мемлекеттік грант алып эпоксидті шайыр бұйымдар жасау арқылы өз кәсібін дөңгелетіп отырған қала тұрғыны, Ж.Сұлтанмұрадованың жұмысымен танысты. Кәсіпкер биыл сәуір айында мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып, эпоксидті шайыр бұйымдар, яғни сағат, ыдыстар және т.б. үйге, кеңсеге арналған заттарды жасайды. Осы жобаны іске асыра отырып, қазіргі таңда, қолөнер шебері 5 шәкірт тәрбиелеп, әрі қарай кәсібін дамытып жатыр.
Сонымен қатар, аудан басшысы Арман Абдуллаев мемлекеттік грант алып, кәсіп ашқан Жартытөбе ауылдық округінің, тұрғыны А.Мұстафаеваның жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер осы жылдың сәуір айында мемлекеттен грант алып, үй іргесінен шағын кондитерлік цех ашқан. Мемлекеттік грант керекті құрал-жабдықтар сатып алуына үлкен септігін тигізгенін айтады. Қазіргі таңда дәмі тіл үйіретін тәтті нан өнімдеріне сұраныс көп екенін, тапсырыстарды орындап жатқандығын, сондай-ақ ауыл округінен 2 тұрғынын жұмыспен қамтып отырғанын жеткізді.
Содан соң, аудан әкімі Арман Абдуллаев Дастан елдімекеніне барып, көпбалалы ана, жеке кәсіпкер Р.Ажимұратқызының тігін цехымен танысты.
Кәсіпкер биыл сәуір айында мемлекеттік грант ұтып алған. Грант қаражатына тігін машиналарын, оларға қажетті қосалқы бөлшектерін алып, кәсібін бастап, өз отбасының 4 мүшесін жұмыспен қамтып, отбасылық экономиканың бюджетін артырып отыр. Бүгінде ол тапсырыспен ұлттық нақышта безендірілген, қыз жасауларын және басқа да кестелеп тігетін түрлі қолөнер бұйымдарын жасайды.

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА САЛЫНАТЫН МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕННІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА 

Алдыңғы

“АЗИЯ ДАУЫСЫ” БАСТАЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *