АймақӘлеуметҚоғам

ТҮРКІСТАН: 2023 ЖЫЛЫ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНІҢ КӨЛЕМІ 1 ТРИЛЛИОН 325 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАҒАН 

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы ғимаратында, облыстық мәслихат төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Нұралы Әбішовтың қатысуымен баспасөз мәжілісі өтті. Брифингте Түркістан облысы мәслихатының 4 айда атқарған жұмыстары туралы баяндады.

«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Сайлау нәтижесі бойынша сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың бірінші сессиясы 2023 жылғы 30 наурызда өтіп, жаңадан сайланған 46 депутатқа төсбелгілері табысталды. Сонымен қатар, алғашқы сессияда 3 тұрақты комиссия құрылып, олардың төрағалары сайланды. Атап айтқанда, бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы, әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі және кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялар. Жалпы, елдiң алдында тұрған экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi орындауға ықпал етуде мәслихат маңызды рөл атқарады»,- деді Нұралы Алмаханұлы.

Оның айтуынша жыл басынан бері облыстық мәслихаттың 4 сессиясы өткізіліп, түрлі салаларға қатысты маңызды мәселелерді реттейтін 53 шешім қабылданған. Оның ішінде 9 шешім облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен. Жылдың облыстық бюджеті 2 рет нақтыланып, 2023 жылы облыс бюджетінің көлемі 1 триллион 325 млрд. теңгені құраған. Ал бюджеттің 58,5 % әлеуметтік салаға бөлінген. Бұл өз тұсында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар міндеттерді шешуге септігін тигізген. Сонымен қатар, Нұралы Әбішов ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдарға 154 депутаттық сауал жолдаған. Оның 86-ы немесе 56% қанағаттандырылып, орындалған. Ал, қалған 68-і орындалу үстінде немесе оларға заңнама талаптарына сәйкес түсініктемелер берілген. Сонымен қатар, биылғы жылы азаматтардан барлығы 73 өтініш түскен. Оның ішінде 59-ы жеке, 14-і заңды тұлғалардан.

Айта кетсек, жалпы жолданған 154 депутаттық сауал, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, құрылыс, инфрақұрылым, қаржы және экономика, білім, денсаулық және әлеуметтік салаға бағытталған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуналдық қызметі

ТУРКЕСТАН: ОБЪЕМ ОБЛАСТНОГО БЮДЖЕТА В 2023 ГОДУ СОСТАВИЛ 1 ТРЛН 325 МЛРД. ТЕНГЕ

В Туркестанском областном филиале партии «AMANAT» состоялось пресс-заседание с участием председателя областного маслихата, депутата областного маслихата Нуралы Абишова. На брифинге он доложил о проделанной работе маслихата Туркестанской области за 4 месяца.

«Как известно, в соответствии с Указом Главы государства 19 марта текущего года состоялись внеочередные выборы депутатов Мажилиса Парламента и маслихатов Республики Казахстан. По результатам выборов 30 марта 2023 года состоялась первая сессия областного маслихата восьмого созыва, где 46 вновь избранным депутатам были вручены нагрудные знаки. Кроме того, на первой сессии были созданы 3 постоянные комиссии, избраны их председатели. В частности, постоянная комиссия по вопросам бюджета, экономики и сельского хозяйства, постоянные комиссии по вопросам социально-культурного развития, государственно-правового, местного самоуправления и депутатской этики и по вопросам предпринимательства, строительства, развития инфраструктуры, земельных отношений и природопользования. В целом маслихат играет важную роль в содействии выполнению стоящих перед страной экономических и социальных задач», — сказал Нуралы Алмаханович.

По его словам, с начала года проведено 4 сессии областного маслихата, принято 53 решения, регулирующие важные вопросы в различных сферах. Из них 9 решений прошли государственную регистрацию в областном департаменте юстиции. Областной бюджет уточняется 2 раза в год, его объем в 2023 году составил 1 триллион 325 млрд. тг.). 58,5% бюджета выделено на социальную сферу. Это способствовало решению ряда задач, касающихся социально-экономического развития области.

Кроме того, Нуралы Абишов в текущем году направил в местные исполнительные органы 154 депутатских запроса. Из них 86 (56%) удовлетворены и выполнены. Остальные 68 находятся в процессе исполнения или им даны разъяснения в соответствии с требованиями законодательства. Кроме того, всего в этом году от граждан поступило 73 обращения. Из них 59 – от физических, 14 – от юридических лиц.

В целом, 154 депутатских запроса направлены в сфере жилищно-коммунального хозяйства, строительства, инфраструктуры, финансов и экономики, образования, здравоохранения и социальной сферы.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Ауыл шаруашылығын өңір ерекшелігін ескеріп дамыту керек – деді Райымбек Баталов Жетісуға сапары барысында

Алдыңғы

ҚАЛАДА ЖАСАҚТАЛҒАН БАЛАЛАР АЛАҢШАЛАРЫ 70-КЕ ЖУЫҚТАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *