БілімҒылымЖаңалықтар

ТҮРКІСТАНҒА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде өңірлік ғылымды дамыту мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Кездесуге ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының делегациясының мүшесі, «Ғылым» департаментінің директоры Руслан Нұрлыбаев, «Білім және азаматтық қоғам» басқармасының басшысы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Бекбол Рамазан, «Агробиоресурстар және экология» басқармасының басшысы Қуантар Алиханов, Баспасөз хатшысы Арман Құдайберген және облыс әкімдігінің басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында өңірлік ғылымды дамыту жолында аталған ЖОО ғалымдарының аяқталған, коммерцияландыруға дайын үздік жобалары таныстырылды. Сондай-ақ Түркістан облысындағы әр сала бойынша өңірдегі түйткілді мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Одан бөлек, делегация ХҚТУ-дың материалдық техникалық базасымен танысып, ғылыми инфрақұрылымдарды аралады.

Маңызды мәселелер ортаға салынған жиында сөз алған «Ғылым» департаментінің директоры Руслан Нұрлыбаев Ұлттық ғылым академиясының өңірлердегі ғалымдардың ұсыныстары мен ел экономикасына қосар үлесі жөнінде баяндады, сонымен қатар Президенттің арнайы тапсырмасымен оңтүстік өңірден бастау алған кездесу мақсатына кеңінен тоқталды.

«Біздің Түркістанға келгендегі мақсатымыз — ғылым мен өндірісті байланыстыру. Бүгінде еліміздегі өңірлерде қай бағытта ғылымды дамыта аламыз, қай бағытқа нақты көңіл бөлінуі керек, міне соны анықтау үстіндеміз. Осы жұмыстармен ұлттық ғылым академиясы үлкен форсайттық зерттеулер жүргізіп жатыр. Соның ішінде өңірлердегі ғылым ұйымдардың, ғалымдардың басын бір жерге, яғни Ұлттық ғылым академиясының төңірегіне жинау маңызды. Бірінші кезекте отандық ғалымдардың жаңа жобаларын өндіріске енгізу керек. Міне, осы бағытта Ұлттық ғылым академиясы жұмыс істеп, ғалымдарға қолдау білдіруді мақсат ететіні белгілі. Қазіргі таңда жас ғалымдардың шетелде білім алып, біліктілігін арттыруына жағдай жасалып жатыр. Мемлекет пен ғылым саласының дамуына үлес қосатын тың жобалар ұсынатын жас ғалымдарды Ұлттық ғылым академиясында бір ортаға жинауға атсалысып келеді», — деді Руслан Нұрлыбаев.

Сонымен қатар, университеттің стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева университеттің өңірлік ғылым мәселелерін шешу барысындағы жұмыстардың 2021 жылы басталғандығын жеткізді. Бұдан бөлек, тұрақты даму мақсатына бағытталған тұжырымдама жасалып, соның негізінде Түркістан облысы әкімдігімен, әр сала бойынша басқарма басшыларымен бірлесе жұмыс топтары құрылғандығын айтты.

Жиын соңында Ұлттық ғылым академиясы университет ғалымдарының аяқталған, коммерцияландыруға дайын үздік жобаларымен танысып, олардың өзекті деп танылған мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ГОРОД ТУРКЕСТАН ПОСЕТИЛА ДЕЛЕГАЦИЯ НАЦИОНАЛЬНОЙ АКАДЕМИИ НАУК ПРИ ПРЕЗИДЕНТЕ РК

Сегодня в Международном казахско-турецком университете им.Х. А. Ясави в городе Туркестан состоялся круглый стол по развитию региональной науки.

На встрече приняли участие член делегации Национальной академии наук РК при Президенте РК, директор департамента «Наука» Руслан Нурлыбаев, руководитель управления «Образование и гражданское общество», депутат маслихата города Алматы Бекбол Рамазан, руководитель управления «Агробиоресурсы и экология» Куантар Алиханов, пресс-секретарь Арман Кудайберген, руководители управлений акимата области и представители СМИ.

В ходе совещания были презентованы лучшие завершенные, готовые к коммерциализации проекты ученых указанных вузов по развитию региональной науки. Также были обсуждены проблемные вопросы региона по каждой отрасли Туркестанской области и предложены пути их решения. Кроме того, делегация ознакомилась с материально-технической базой МКТУ и посетила научную инфраструктуру.

Выступая на совещании по важным вопросам, директор департамента «наука» Руслан Нурлыбаев доложил о предложениях ученых из регионов Национальной академии наук и вкладе в экономику страны, а также подробно остановился на цели встречи, которая началась с южного региона по специальному поручению Президента.

«Наша цель, приехав в Туркестан — связать науку и производство. Сегодня мы работаем над тем, в каком направлении мы можем развивать науку в регионах страны, в каком именно направлении нужно уделить особое внимание. Благодаря этим работам Национальная академия наук проводит масштабные форсайт-исследования. В том числе важно вокруг собрать возле Национальной академии наук научные организации, ученых регионов. В первую очередь необходимо внедрить в производство новые проекты отечественных ученых. Известно, что Национальная академия наук работает в этом направлении и стремится поддержать ученых. В настоящее время создаются условия для обучения и повышения квалификации молодых ученых за рубежом. Молодые ученые, представляющие новые проекты, способствующие развитию государства и науки, участвуют в объединении в одну среду в Национальной академии наук», — сказал Руслан Нурлыбаев.

Кроме того, вице-ректор стратегического развития университета Айнаш Ошибаева отметила, что работа по решению региональных научных проблем университета началась в 2021 году. Кроме того, разработана концепция устойчивого развития, на основе которой созданы рабочие группы совместно с акиматом Туркестанской области, руководителями управлений по каждой отрасли.

В завершение встречи Национальная академия наук ознакомилась с лучшими проектами ученых университета, готовыми к коммерциализации, заслушала их актуальные вопросы и предложения.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Түркістан: Мақта саласындағы өзекті проблемалар шешімін табуда 

Алдыңғы

Пай-пай, шіркін, еліміздің табиғатына көз тоймайды ғой!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *