Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап «AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауаттылығын арттыру. Оқу бағдарлама азаматтардың мынадай санаттарына арналған: несие бойынша қарыздар бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар, дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар, жеңілдікпен несие алып, мемлекеттен бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, АӘК алатын азаматшалар. Қатысушылар жобаға қатыса отырып өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді. Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін білетін болады. Жоба аясында ауылдық елді мекендердің 80 мыңға жуық тұрғынын қамту жоспарлануда. Оларды қаржы мамандары оқытады. «Қарызсыз қоғам» жобасының алғашқы кезеңінде еліміздің 8 өңірі қамтылады: Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстары. Түркістан облысы бойынша оқу биыл 2 мамырда басталып, жыл соңына дейін жалғасады. Бір топтың оқу мерзімі (5) күн, бір топтағы қатысушылардың саны (70) адам, бір айда оқитын топтардың саны – (3). Ордабасы ауданы бойынша оқу семинар 2023 жылдың 26 маусымында басталып, шілде айының соңына дейін жалғасады. 1 айға жуық уақыт ішінде бүкіл округтер қамтылады деп күтілуде.
Бүгінгі күні, Ордабасы аудандық мәслихатының кезекті 4 сессиясында қаржы тренері Мыңбаев Дулат, аудандық мәслихат депутаттарына, мекеме басшыларына және ауыл округ әкімдеріне, «Қарызсыз қоғам» жобасын таныстырып өтті.
Comments