«AMANAT» партиясы мен “Halyk Bank” АҚ ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатқан «Қаржылық сауаттылықты арттыру» бағдарламасы бойынша Ордабасы ауданында жалғасуда. Ағымдағы жылдың 26 маусымынан бастап оқу семинары Қажымұқан және Шұбарсу ауыл округінде өткізілуде.
Жобаның мақсаты: Қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету.
Жобаға қатысушылар, өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді. Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін білетін болады. Қаржы мамандарының дәрісінен бөлек, қосымша оқу процесіне қатысушыларға заңгерлік көмек көрсетіледі. Олар әр қарыз алушының несие тарихын жеке-жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша тәжірибелік кеңес береді және бизнес жоспар жасауға көмектерін көрсетеді.
Cонымен қатар, жобаға қатысушылар өз қаражатын тиімді басқаруды, несие алу ережелері мен қайтару жолдарын, қаржы пирамидалары мен алаяқтар тұзағына түспеуді және кәсіп ашу мүмкіндіктері бойынша ақпарат алады.
Сондай-ақ, оқу барысында қаржы мамандарынан бөлек заңгерлердің де көмегі ұсынылады. Олар әр тұрғынның несие тарихын жеке зерттеп, қарыз жүктемесін азайту бойынша құқықтық кеңестер береді.
Ордабасы ауданы бойынша оқу семинар 2023 жылдың 26 маусымында басталып, шілде айының соңына дейін жалғасады. 1 айға жуық уақыт ішінде бүкіл ауыл округ қамтылады деп күтілуде.
Жоба биыл мамыр айында басталып, қараша айына дейін жалғасады. Кез-келген ниет білдіруші жобаға қатыса алады. Тіркелу үшін тұрғылықты жердегі «AMANAT»-тың Ордабасы аудандық аудандық филиалына хабарласу қажет.
Comments