Жаңалықтар

ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ОҚУ КУРСЫ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ !

AMANAT”партиясы мен Halyk bank арасындағы меморандумға сәйкес ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында “Қарызсыз қоғам” жобасы негізінде дайындалған тегін оқу курсы алдағы аптада (05.06-09.06.2023ж) Шардара қаласындағы N -1 ші М.Әуезов атындағы ЖОМ-де 5-күндік оқу өтетіндігін хабарлаймыз.Оқу курсына 100 адамды оқыту жоспарланып отыр.
Ауыл тұрғындарының арасында екінші деңгейдегі банктерден басқа да микро несие ұйымдардан несие рәсімдеп,оны уақытылы төлей алмай,жұмыс іздеп басқа жаққа кетіп қалуы немесе отбасылық кикілжіңге және басқа да түрлі себептерге (Пирамида. ..тағы басқа да) тап болып жатқаны айдан анық.
Сондықтан бүгінгі күннің өзекті мәселенің бірі екендігін ескере отырып,”Amanat” партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша тегін оқу курсы (05.06 — 09.06.2023 ж)осы апта бойы Шардарада 1-ші ЖОМ өтетін болады.
Бүгінде 6,3 миллионға жуық қазақстандықтың банктік несиелері өтелмеген. Сонымен қатар 1,2 миллион қазақстандық микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Бұл азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді.
Қолжетімді несиелер, қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлемелері, ең бастысы, қаржылық сауаттылықтың төмендігі – жыл сайын халықтың қарызының өсуін арттырады.
Халықтың қарыз ауыртпалық мәселесі жүйелі шешімді қажет етеді.
Қазіргі уақытта 1 миллионнан астам адам кем дегенде бір несиесін кешіктіріп отыр.
Сондықтан Оқыту курсының негізгі мақсаты – елімізде болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін құру.
Бұл семинар қатысушыларға қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйретті. Сонымен қатар арнайы Астана қаласында оқу курсында дайындықтан өткен қаржы сарапшысы Исимова Сандуғаш ханым өз тәжірибесімен бөлісуге, түрлі лафхактармен қаржыны басқаруды және нәтижесінде қарызсыз мақсатқа жету жолдарын көрсететін болады.
Курсқа қатысуға ниет білдіріп келген аудан тұрғындары айтылған мәселелермен толық танысып, қаражатты қалай жұмсау туралы толыққанды ақпараттарын қаржы сарапшысынан үйренеді.
Жоба мамыр айында басталып, қараша айына дейін жалғасады. Кез – келген оқуға ниет білдірушінің жобаға қатысуға мүмкіндігі бар.
+7 778 084 5624

«Ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру» оқыту курсы туралы

Алдыңғы

Қаржылық сауаттылықты арттырудың басты қағидалары қандай?

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *