Жаңалықтар

«Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы Қарамұрт ауыл округінде жалғасуда.

«AMANAT» партиясы мен «Халық Банкі» АҚ-мен қолға алған «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы жалғасуда. Бүгін Сайрам ауданы, Қарамұрт ауыл округінде өткен оқу семинары өз мәресіне жетті. Пилоттық жобаға 70-тен аса жуық ауыл тұрғындары қатысты. Оқу семинарын сәтті аяқтаған тұрғындарға “AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы Алмас Абдикадиров және «Халық Банкі» АҚ-ның Сайрам аудандық басқармасының директоры Шалдарбеков Нұрғиса Болатұлымен бірге сертификат табыс етті.
 Жобаға қатысушылар, өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді. Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін білетін болады. Қаржы мамандарының дәрісінен бөлек, қосымша оқу процесіне қатысушыларға заңгерлік көмек көрсетіледі. Олар әр қарыз алушының несие тарихын жеке-жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша тәжірибелік кеңес береді және бизнес жоспар жасауға көмектерін көрсетеді. Оқыту жұмысы жыл соңына дейін жалғасады. Кез – келген оқуға ниет білдірушінің жобаға қатысуға мүмкіндігі бар. Ол үшін тұрғылықты жерде орналасқан «AMANAT» партиясының аудандық филиалына хабарласып, тіркелуі қажет.

“Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру семинары Ордабасы ауданының Қажымұқан және Шұбарсу ауыл округінде жалғасуда

Алдыңғы

САУРАНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ СЕРТИФИКАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *