Жаңалықтар

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЙРАМДЫҚ КӘСІПКЕР 2,5 ПАЙЫЗБЕН НЕСИЕ АЛЫП, КӘСІБІН БАСТАП КЕТТІ

Түркістан облысына биыл «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 20 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бүгінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей қадағалауымен аталған жобаны үйлестіру, тұрғындардың кәсіп ашуына қолдау көрсету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында пилоттық жобаға қатысқан Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылдық округі бойынша 20 азамат несие алуға өтінім жолдаған. Бүгінгі күнге 10 азаматтың жобалары облыстық комиссия қарауынан өтіп мақұлданған. Несиелендірілген азаматтар ішінде облыс бойынша бірінші болып несие алып, өз кәсібін ашқан – Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғыны Тұрар Сүлейменов.
Кәсіпкер өз жобасын іске асыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында сүт бағытындағы мал шаруашылығы бойынша 8,6 млн теңге несие алуға мүлкін кепілге қоя отырып, өтінім жолдаған. Нәтижесінде облыстық комиссияның оң шешімімен 8 млн. теңге қаржы берілген.
Кәсіпкер несие қаржысына Ақмола облысынан 16 бас сауын сиырлар әкелген. Бүгінгі күнде әр сиырдан 10 литрден сүт алып, «Натур Продукт» ЖШС-не өткізуде. Кәсіпкер өз кәсібін дамыту аясында алдағы уақытта мал басын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Шымкентте бәйгеден Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі өтті

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *