Жаңалықтар

“ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ” қаржылық сауаттылықты арттыру семинары Көлкент ауылында жалғасын табуда

Бүгін таңда “Қарызсыз қоғам” оқыту семинары Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округінде жалғасын табуда.
Пилоттық жобаның мақсаты: ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылықтарын арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруын үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету. Сондай-ақ мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несие алу жолдары мен «Ауыл аманаты» жобасын туралы толық ақпараттандырылатын болады.
Семинар ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде жалғасын табатын болады.
СЕМИНАР барысында төменгі мәселелер қамтылады:
— «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 % несие
— Ағымдағы кредиті бар төлеу алмай қалу ықтималдығын болдырмау;
— Несиесі төленбей қалып қойған бірнеше жыл болған жеке тұлғаларға кеңес беру;
— Табыс көзінен айырылған ай сайынғы несиесін төлеу қабілеттілігін жоғалтып, төлем қабілеттігін арттыру;
— 1600 АЕК жоғары немесе 5 млн. теңге осындай қарызы бар сот арқылы банкроттық мәселесі;
— Бастау бизнес жобасына қатысып бизнес пландарының кемшіліктеріне байланысты қайтарылған немесе қалай тіркелуді, оқуды білмейтіндерге зерттеу, талдау, жазуға бағыт бағдар беру;
— Салық есептіліктерін тапсыру жолдарын үйрету, т.б.;
— Алаяқтық схемалар жәңе қаржы пирамидалар туралы;
— Мемлекеттік қолдаудың жеңілдіктері туралы.(гранттар қаржыландыру кепілдіктер) мәселелері қамтылатын болады.
Кез – келген оқуға ниет білдірушінің жобаға қатысуға мүмкіндігі бар. Ол үшін төменде көрсетілген нөмірлерге хабарласу арқылы тіркелу қажет.
Whatsapp: +7 771 893 80 14
+77079317512
Жұмыс телефоны: + 7 72 531 20712

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚТАР «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН КӘСІБІН ЖАНДАНДЫРА БАСТАДЫ

Алдыңғы

Жетісу облысында 15-ке жуық мектепті биоотынмен қамтамасыз етуде

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *