АймақҚоғам

САУРАНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ СЕРТИФИКАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

«AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру. Оқу бағдарламасы бойынша мынадай санаттағы азаматтар:
1. Несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар;
2. Дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар;
3. Жеңілдікпен несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қамтылды.
Бұл оқыту семинарына Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округінің 100-ден астам тұрғыны қамтылып, семинар сабақтарына үздіксіз қатысып, белсенділік танытқан 90-ға жуық тұрғынға сертификат берілді.
Оқудың сертификатын тапсыру рәсіміне “AMANAT” партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков, аудандық мәслихат депутаты Х.Шарапов және И.Намуратов қатысты.
«АMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков жобаға қатысқан тұрғандардың өз қаржысын тиімді басқаруды, жалпы шығындарды есептеп оларды жүйелеуді, алаяқтық әрекеттердің белгілерін және олардан құтылу жолдарын үйреніп, қаржылық сауаттылықтарын арттырғанына сенімді екенін жеткізді.
Бұл жоба алдағы уақытта өзге де ауылдарда жалғасады, ауданымыздың тұрғындарын аталған жобаға қатысып, қаржылық сауаттылығын арттыруға шақырамыз!

«Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы Қарамұрт ауыл округінде жалғасуда.

Алдыңғы

“ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ” ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ШАҒЫН АВТОБУСТАР ТАБЫС ЕТІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *