АймақҚоғам

«AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан.
Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру.
Бүгінгі таңда, жоба аясында оқу-семинарының 2 легі ұйымдастырылып аймақта тегін оқыту басталды.
Қазығұрт ауданында ұйымдастырылған семинарды, партияның Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреқызы ашып жүргізді. Оқу-семинарды жоба сарапшысы Ж.Әзімбай барлық қатысқан ауданның партия филиалының төрағаларына және партия қызметкерлеріне кеңінен түсіндірді.
Оқу бағдарламасы бойынша мынадай санаттағы азаматтар оқытылуда:
1. несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар
2. дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар
3. жеңілдікпен несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер.
Сондай-ақ оқуға жоба аясында ауылдық елді мекендерден қаржылық сауаттылығымды арттырамын деген ниеті бар азаматтарда қамтылуда.
Жобаға қатысушылар
өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді.
Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын,
алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін білетін болады.

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЙРАМДЫҚ КӘСІПКЕР 2,5 ПАЙЫЗБЕН НЕСИЕ АЛЫП, КӘСІБІН БАСТАП КЕТТІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДЫҚ КАРАТЭШІЛЕР МАРОККОДА ӨТКЕН РЕЙТИНГТІК ТУРНИРДЕН ҚОС ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *