АймақҚоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНА ҚОСЫЛҒАН ЖАҢА АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

Түркістан облысына 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруға Түркістан облысына республикалық бюджеттен 11,0 млрд. теңге несие қаражаты бөлінген болатын. Енді өңірге қосымша 8,7 млрд. теңге қаражат қарастырылып отыр.
Соған сәйкес 16 ауданнан анықталған 32 ауылдық округке қосымша әр аумақтан 2 ауылдық округтен қосу жоспарлануда. Бұл мақсат биыл шілде айынан бастап жүзеге асып, өңір бойынша жалпы 64 ауылдық округ қамтылады.
Жобаны тиімді іске асыру аясында Облыс әкімінің орныбасары Е.Кенжеханұлының тапсырмасына сәйкес «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында пилоттық жобаға қатысатын ауылдық округтерде тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жұмысшы топ құрылып, Сайрам ауданы Қайнарбұлақ, Көлкент ауылдық округтерінде және Түлкібас ауданы Т. Рысқұлов пен Шақпақ ауылдық округінде жиналыс өткізілді.
Жиын барысында несиелеу шарттарын, кооперация құру механизімі, пилоттық ауылдық округтегі жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру тиімділіктері түсіндірілді.
Мәжілісті Түркістан ӘКК АҚ-ның қаржы және «Ауыл аманаты» бағдарламасының мониторингі жөніндегі басқарушы директоры Нұрлыбек Исаев және «Ырыс» МҚҰ басқарма төрағасының орынбасары жүргізіп отырды.
Несиелерді қаржыландыру бойынша 6 бағыт іріктелді. Олар:
➢ Өсімдік шаруашылығын дамыту;
➢ Мал шаруашылығын дамыту;
➢ Құс шаруашылығын дамыту;
➢ Балық шаруашылығын дамыту;
➢ Ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау;
➢ Тұрғындардың өз кәсібін ашу.
Жобаны тиімді жүргізу үшін өңірде жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдық беріледі. Қазіргі таңда, несие қаржысын таратушы әрі сенім білдірген өкіл ретінде «Түркістан ӘКК» АҚ тиісті шараларды атқаруда.
Айта кетейік, сәуір айының 18-нен бастап несие қаражатын беруге құжаттар қабылдау басталды.
Бүгінгі күнге 5,5 млрд. теңгені құрайтын 843 өтінім қабылданды. Несие комитетімен 2,1 млрд. теңгені құрайтын 437 өтінім мақұлданды. Қазіргі таңда 164,5 млн. теңге көлемінде 31 жоба қаржыландырылды.

«Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ КІТАПХАНАЛАРЫНА 26 МЫҢ КІТАП ҮЛЕСТІРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *