АймақҚоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ.

Түркістан облысының аудан, қалаларында «Қарызсыз қоғам» атты қаржылық сауаттылықты арттыру семинары басталды, деп хабарлайды MUZBALAQ.KZ. Түркістан облысының аудан, қалаларында «Қарызсыз қоғам» атты қаржылық сауаттылықты арттыру семинары басталды. «AMANAT» партиясы мен «Halyk bank» бірге ұйымдастырған пилоттық жоба аясындағы оқыту семинарының бірі Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округінде өтті. Жобаға 100-ге жуық ауыл тұрғыны қатысты. Мақсаты – қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету. Оқу семинарына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалима Жантөреқызы, жоба сарапшысы Жандос Әзімбай, аудандық партия филиалының төрағасы Сағынбек Жақсыбекұлы және БАҚ өкілдері қатысты. Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша тегін курсты жоба сарапшысы Жандос Әзімбай жүргізді. «Бүгінде 6,3 миллионға жуық қазақстандықтың банктік несиелері өтелмеген. Сонымен қатар 1,2 миллион отандасымыз микроқаржы ұйымдарынан несие алған. Бұл азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына әсер етеді. Қолжетімді несиелер, қаржы ұйымдарының жоғары пайыздық мөлшерлемелері, ең бастысы, қаржылық сауаттылықтың төмендігі – жыл сайын халықтың қарызының өсуін арттырады. Халықтың қарыз ауыртпалық мәселесі жүйелі шешімді қажет етеді. Қазіргі уақытта 1 миллионнан астам адам кем дегенде бір несиесін кешіктіріп отыр. Оқыту курсының негізгі мақсаты – жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру», – деді Жандос Әзімбай. Курсқа қатысуға ниет білдіріп келген ауыл тұрғындары айтылған мәселелермен толық танысып, қаражатты қалай жұмсау туралы толыққанды ақпараттарын алды. Айта кетейік, 2 мамырда басталған оқу жыл соңына дейін жалғасын табады.

«ШЫМКЕНТ КОНЬКИІ-2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Алдыңғы

Бір ауыл – бір өнім жобасы Қараталда

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *