АймақӘлеуметЖаңалықтар

Қатты отынның — қатты мәселесі…..

Әрбір өңір үшін қылышын сүйреткен қыс мезгіліне қапысыз қамданудың мәні ерекше екені айтпасада сөзсіз. Бораны жиі, аязы қатты қытымыр қыс, «қыстың қамын жаз ойла» деген тәмсілді естен шығарғандарды Абай Құнанбайұлы атамыздың Иван Крыловтан аударған «Шырылдауық шегіртке мен Құмырсқа» мысалындағы шегірткедей бүрсеңдетері анық. Сондықтан кім – кімде болсын отын-көмірмен уақытылы қамданған ләзім.

Қазақта «отынды шапқанға жақтыр» демекші бүгін Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы әкімі лауазымына үміткер Құсайынов Фархат халықты қатты отын түсіретін темір жол тұйығынан аудан бойынша тұрғындардың үйлеріне автокөлікпен көмір тасумен айналысатын азаматтармен кездесіп, осы саладағы өздерін толғандырған мәселелерін тыңдап, айтқан ұсыныстарын қойын дәптеріне түртіп алды.

Қатты отын тасымалдаушылардың көтерген мәселері:

1. Жыл сайын күз – қыс кезінде аудандағы қатты отын сататын темір жол тұйықтарында туындайтын, көрсең басың айналатын ұшы қиыры жоқ ұзын-сонар кезекті тудырмайтындай әкімшілік тарапынан жағдай жасалса;

2. Кейбір қатты отын сататын темір жол тұйықтарының таразысы халық көмір сатып алған кезде таза өлшемейді, тіпті сатып алған қатты отынның таразыда таза өлшенбеуінен шыны керек көпшілікті толғандырып отырған баға мәселесі бойынша ең бірінші қарапайым халық жапа шегетіні сөзсіз;

3. Аудан көлемінде ауыл, қала бойынша қатты отын тасымалдаумен айналысушылардың арнайы тұратын тұрағының мәселесі. «Халық арнайы тұрақты іздеп сабылмайтындай қала ішінен дұрыс орын бөлінсе» … деген мәслелер көтеріліп, ұсыныстар айтылды.

Күз тұрғындардың қатты отынды қамтамасыз етіп алатын уақыты. Міне, жаздың бірінші айы басталды енді бір-екі айда жайдары жазда да бітіп, қыс мезгіліне дайындалатын қоңыр күзге ауысамыз. Қаламызды алдағы жылыту маусымына дұрыс дайындап былтырғы өзге аймақтар секілді салғырттық танытпай осы кезден бастап оң шешімдер қабылдау керек деп санаймын.

Құрметті жерлестер өзінің өмірлік тәжірбиесімен тұлғалық көзқарасында елді басқаратын әкім тәжірибелі басқарушы, қала тұрғындарының мұң-мұқтажына қанық, шаруашылық жүргізе білетін білімді менеджер болуы тиіс деп санайтын Үштөбе қаласы әкімі лауазымына үміткер, қаламызға жаңашылдық лебін әкеле алатын іскер азамат Фархат Құсайыновқа алдағы 25 маусым күні дауыс берейік.

Түркістан облысының прокуроры ірі кәсіпкерлермен кездесті

Алдыңғы

Түркістан: «Бизнеске жол» жобасы аясында 1064 кәсіпкердің құқығы қорғалды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *