АймақҚоғамМәдениетРуханият

Қараталда «ЭтноАуыл» жобасы қолға алынбақшы 

Халқымыздың жүріп өткен жолына, тарихымызға көз тастасақ ұлттық салт-дәстүріміз сонау ежелгі Сақ, Ғұн, Тұран дәуірінен, кейінірек Түркі заманынан бастау алып, одан беріректе Алты Алаш, оның ішінде Қазақ хандығы орныққаннан бері қалыптасып, дамып, бүгінгі күнге дейін амен-есен жетті. «Мың өліп, мың тірілген» ұлтымыз басына қандай күн тусада күнделікті тіршілікте қолданатын өнегелілік, тәрбиелік, рухани маңызға ие игілікті де ізгілікті дүниетанымдық ойларды, өмір сүру құндылықтар мен қағидаттарын атадан балаға беріп, жас ұрпақтың бойына жастайынан мәңгілік өлместей етіп сіңіріп, салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе де білді. Иә, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан барша игі салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, ізгілікті іс-әрекеттерін жарық дүниеге шыр етіп келгеннен бастап ата-анамыздың от басы, ошақ қасынан қазақтың ұлан ғасыр даласындай көңілінің кеңдігін, қонақ¬жай¬лылығын, үнемі жиылмайтын дастарқанымыз бен ұлттық тағамдарымыздың құндылығын бізге тәрбие беру арқылы бойымызға сіңірген, ата – бабадан мирас болған баға жетпес құндылықты байлық салт – дәстүрді қаз — қалпында келешек ұрпаққа жеткізу бүгінгі біздің әрқайсысымыздың басты міндетіміз боп саналатыны сөзсіз.

Ағымдағы мамыр айының 30 күні Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Қаратал ауданы филиалының директоры Құсайынов Фархат, Облыстық кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған Туризм саласындағы салалық кеңестің мүшесі Утешбаева Салтанат Мұхаметханқызымен бірге жоғарыда біз тілге тиек еткен салт – дәстүрді қала қонақтары мен аудан тұрғындары арасында кеңінен насихаттап, жаңғырту мақсатында, аудандық орталық саябақтан ұлттық сусынымыз қымызбен тағамдарымызды ұсынатын туризм саласындағы «ЭтноАуыл» жобасын қолға алмақшы жергілікті кәсіпкермен кездесіп, жоспарларын тыңдап, таңдаған бағыттағы кәсібі бойынша бағыт – бағдар мен кеңестерін берді.

Аудандық палата басшысы Құсайынов Фархаттың айтуында:

Кәсіпкердің басты мақсаты, қызметтін ашқанан бастап қызметкерлерінің бірыңғай стилдегі киімдеріне ою-өрнектерді қоса отырып, ұлттық сусынымыз қымызбен тағамдарымызды ұлттық нақыштағы қазақтың киіз үйінде ұсынып, қала жастарымен туристеріне таныстырып насихаттау екен.

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жергілікті әкімдік «ЭтноАуыл» жобасын жүзеге асыру жұмыстарына инженерлік-инфрақұрылымдық желімен қамтамасыз етпекші.

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚТАР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Алдыңғы

САҚТАНДЫРУ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨМЕГІМЕН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУҒА ҚАЛАЙ ҚАРАЖАТ ЖИНАУҒА БОЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *