ҚоғамМәдениетРуханиятТарих

РУХЫ АСҚАҚТАЙ ТҮСЕР ЕДІ-АУ…

Халқымыздың ұлттық мәдениетіне, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жандануына ерекше үлес қосқан мемлекет қайраткері, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің есімін халқымыз жақсы білетініне күмән жоқ. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қалпына келтіруге де басшылық етті. Кесенеге елдігіміздің символы, алты ғасырлық тарихы бар Тайқазанды 54 жылдан соң өз орнына қойылуына ерекше күш салғанын да ешкім ұмытқан жоқ.

Наурызды 1926 -жылдан бері ескі ғұрып мейрамы деп тойлауға тиым салынса, «Наурызды елден, елді Наурыздан ажыратуға болмайды» деп ресми тойлануына қол жеткізіп, 1988-жылдың 22-наурызынан бастап ұлттық мереке ретінде тойланып келеді. Республикамызда көптеген этнографиялық мұражайдың ашылуына да мұрындық болды. Соның бірі республикалық саз аспаптар мұражайының ашылуы мен «Сазген» ансамблінің құрылуы. Айта берсе, Өзбекәлі Жәнібековтің ұлтқа сіңген еңбегі ересен. Тілге мемлекеттік мәртебе беруге де ерекше атсалысқан жанның бірі. Қазақ халқының тіршілігін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зерттеп, құнды еңбектер қалдырған дара тұлғаның еліміздің мәдениетк мен руханиятына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Осынау еңбегін ескеріп, Шымкент қаласындағы әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығына есімі берілсе, біртуар тұлғаның рухы асқақтай түсер еді. Бұл жөнінде осыдан бірер жыл бұрын зиялы қауым өкілдері, оның ішінде жазушы Мархабат Байғұт ағамыз да айтып еді. Сол күйінде қалды.

Келер жылы әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ашылғанына 10 жыл толмақ. Осы он жылдықты ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған біртуар дара тұлға Өзбекәлі Жәнібеков есімімен қарсы алса деген ізгі ой. Бұл ешкімге зиянды іс емес, қайта елге қызмет еткен ерді ұлықтағандық болар еді…

Сіздер қалай қарайсыздар, көзі қарақты ағайын?

Базаркүл ҚАЛБЫР,

журналист

КЕШЕНДІ ШАРАЛАР ХАЛЫҚҚА АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ТИІМДІ БАҒАДА ТҰТЫНУҒА МҮМКІНДІК БЕРУДЕ

Алдыңғы

Физикадан Азия олимпиадасында NIS оқушылары топ жарды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *