БілімЖаңалықтарЖастар саясаты

Елімізде 2026  жылға қарай 191 ауыл мектебі NIS әдістемесімен оқиды 

Ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықтықты азайтуда NIS әдістемесі нәтиже бере бастады. Бұл туралы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин елордада өткен «Білімді ұрпақ – білімді ел» конференциясында айтты.

2020 жылы ауыл мектептерін дамытуға бағытталған NIS жобасы алдағы үш жылда «Қазақстан халқына» және Білім беруді тұрақты дамыту қорларының, «Аitas KZ» компаниясының қолдауымен 191 білім ошағын қамтиды. Зияткерлік мектептер тарапынан мұғалімдерге жүйелі әдістемелік көмек көрсету, кәсіби қажеттіліктері мен оқыту жетістіктерін анықтау мақсатында мониторинг жүргізу, мектепте қолайлы орта құру және жаңа оқу құралдарымен толық жабдықтау жүзеге асуда.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Зияткерлік мектептер жалпы білім беретін мектептермен бірлесе отырып қала мен ауыл білімі арасындағы айырмашылықты азайтуға негізделген маңызды стратегияны жүзеге асыруда. Ауыл мектептеріндегі білім сапасының өзектілігі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2020 жылы ауыл мектептерін қолдау бойынша жобаларын бастауына негіз болды, – деді Әнуар Жанғозин.

«Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы аясында Назарбаев Зияткерлік мектептері 3 негізгі бағыт бойынша жұмыс жасауда. Бірінші бағыт мектептің қазіргі жағдайы мен негізгі процестерін толық диагностикалау мен зерттеуді қамтыса, екінші бағыт әр мектептің анықталған проблемалары негізінде толық әдістемелік қолдау көрсету. Ал үшінші бағыт мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға негізделген.

Сонымен бірге басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин NIS әзірлеген әдістемемен оқып жатқан 17 ауылдық мектеп оқушыларының үлгерімі артқанын жеткізді:

– Жоба бір жылдан аз уақытқа созылғанына қарамастан, біз оның тиімділігін қазірден көріп отырмыз. Пәндік білімнің шығу мониторингінің қорытындысы бойынша 4-сынып оқушылары математика және қазақ тілі пәндерінен үлгерімдері жақсарғанын көрсетіп отыр. Ал 8-сынып оқушылары 9 пәннің 7-еуінен оң динамиканың бар екен көрсетеді. Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілген зерттеулердің нәтижелері. Біз осы бағытта мектептермен жұмысты жалғастырамыз.

Сондай-ақ ауыл оқушылары қалада оқитын қатарластарынан қалмай робототехника олимпиадаларына, пәндік сайыстарға, спорттық жарыстарға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Биылғы NIS-тің дәстүрлі Наурыз кездесулерінде 13 ауыл оқушысы 3D биопринтинг, ақылды протездер және биоинтерфейс саласындағы ғылыми жобаларын ұсынған.

Конференция аясында ұйымдастырылған көрмеде Зияткерлік мектептердің Білім беру бағдарламалары, Педагогикалық шеберлік және Педагогикалық өлшеулер орталықтарының мұғалімдерді әдістемелік қолдауға арналған цифрлық және баспа өнімдері таныстырылды. Олардың қатарында «Педагогикалық диалог» журналы, «Заманауи мектепті басқару» симуляторы, функционалды сауаттылық сауатты дамыту бойынша тренажер бар.

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

Алдыңғы

Түркістан: Кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде кедергілерге тап болған бизнес өкілдерінің құқықтары қорғалды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *