АймақБизнесҚоғам

Бизнестің түйткілді мәселелері қарастырылған Қараталдағы кездесу !

Бүгін ағымдағы мамыр айының 16 күні Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының, Қаратал ауданы филиалының ақпараттық алаңында Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының төрағасының, облыстық прокуратура, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облыстық департаментінің, Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша баскармасы мен жергілікті аудан әкімдігінің өкілдерінің, аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерінің қатысумен «Бизнестің түйткілді мәселелері» жөнінде кәсіпкерлермен ашық және шынайы пікірталас форматындағы кездесу өтті.

Кездесуді аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Серікжан Бақытұлы — Бүгінгі күні кәсіпкерлік саласын жан-жақты қолдап дамытып ел халқына бизнеспен айналысуына мүмкіндік жасап, жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу тек бюджеттік қаржыларды толықтырудың тұрақты көзі ғана емес, президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы айтқан ел экономикасының қарыштап одан әрі өсуінің нақты факторына, сонымен қатар қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында бүгін сізбен біздің істер атқарар басты ісіміз болып отырғаны белгілі — деп ашып берді.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Дәурен Оңалбаев кәсіпкерлер палатасының және өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижелері сонымен қатар жаңадан құрылған салалық кеңестердің қызметі туралы ақпар беріп өтсе.

Аудан әкімінің орынбасары аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан жобаларды таныстырып мен тартылып жатқан инвестиция жайынан қысқаша ақпар беріп, алға қойған міндеттерге сәйкес шағын және орта бизнесті дамытудың қаржыландыру жолдары мен бөлініп жатқан қаражаты да тілге тиек етті.

Облыс, аудан прокуратурасының өкілдері ел президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайын кәсіпкерліктің өркендеп өсуі жолында оларға кедергі келтіретін жағымсыз іс әрекеттерді болдырмау үшін прокуратураға нақты тапсырмалар бергендігінен және облыс бойынша әр аудан, қалада кәсіпкерлерінің құқығын қорғау мен осы салададағы заңбұзушылықтарға жол бермеу мақсатында құрамында прокуратура мен жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының өкілдері кіретін мобильді топ жұмыс жасап жатқандығы жайлы айта кетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті өкілі жең ұшынан жалғанған сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күні еліміз үшін күрделі мәселе болып отыр, бизнес өкілдерінің кездескен проблемалық мәселелерін осындай кездесуде анықтап және туындаған мәселенің нақты шешу жолдарын қарастыратынын айтса.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша баскармасы мен Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері өз құзыреттері шегінде мемлекеттік мекемелердің атқаратын қызметтері және қандай жағдайда кәсіпкерлерге өздеріне жүгіну керектігінен ақпар берді.

Аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры жиылған қауымға біздің «Атамекен» ҰКП басты міндеті адал бизнестің қызметіне басқа мемлекеттік құрылымдардың заңсыз араласуын және кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін деп, кейін аудандық филиалдың өткен жылы атқарған жұмыстарынан есеп беріп кездесуді қортындылады.

Сөз соңында айтпағым осындай кездесулердің нәтижесінде бизнес-қоғамдастықтың тілектері мен ұсыныстарын, өңірдегі бизнесті дамыту мәселелеріне қатысты айтуға мүмкіндік беретінін ойларын тікелей қарым-қатынас барысында білуге болатынын есте ұстаған жөн демекпін.

11-14 мамыр аралығы Венгрия елі Сегед қаласында Байдарка және каноэ есуден Әлем Кубогы өтті.

Алдыңғы

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *