Жол мұраты – жету демекші бүгінгі күні діттеген жерімізге тез жету үшін көбіне такси қызметіне жүгінеміз. Тарихқа зер салсақ, ең алғаш таксиге ұқсас қызмет түрін ХVIII ғасырда француз кәсiпкерi ұсынған. Ол белгiлi бiр орында тұрып, ат жеккен пәуескемен адам тасу арқылы жалдамалы такси қызметiне жол ашады. 1907 жылдың 22 наурызынан бастап Лондонда ең алғаш күнделікті көзіміз үйренген автомобилдер такси ретінде жүре бастапты.
Үлкенді – кішілі қалалар мен аудан орталықтарында арнайы такси қызметтері жұмыс жасайтының барлығымыз білеміз. Бұрынғыдай көшеде қол бұлғап, такси тоқтатып тұратындар некен-саяқ. Өйткені қалтадағы смартфонның көмегімен үйіңіздің алдына дейін такси шақыртуға болады. Бүгінгі біздің айтқалы отырған дәстүрлі такси қызметінен өзгеше елге жоғарыда атап кеткен қалтамыздағы телефонның қосымшасы (приложение) арқылы қызмет көрсететін “Allo taxi” такси ұжымы.
Күнделікті такси кәсібінен нәпақа тауып жүрген қарапайым адамдардың басын біріктірген Allo taxi” такси қызметінің ұжымы ауданымыздың күнделікті қоғамдық өміріне де белсене араласып, ұйымдастырылған қайырымдылық шараларға өз үлестерін қосып жүр. Қайырымды жандардың қайырлы істері елімізді саяси трансформациялау кезінде президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлының бастамасымен өткен референдум, президентпен мәжіліс және әр деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлау науқаны кезінде де жалғасын тауып аудан халқын сайлау учаскелеріне ақысыз апарып-әкеледі. Мұндай игілікті ісімен өзгелерге үлгі болып, қызметіне деген адалдығын, халқына жанашырлығын танытып жүрген ұжым өкілдерін 7 мамыр Отанды қорғаушылар күніне қарсы бүгін ағымдағы айдың 6 жұлдызы күні Қаратал ауданы әкімдігі мен Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Қаратал ауданы филиалы бірігіп марапаттады. Мараппатты “Allo taxi” такси ұжымына аудан әкімінің орынбасары Оңғаров Айбек Нұрғазыұлы арнайы келіп табыстады.
Қазақта «Он адам жүрген жерде із қалады, жүз адам жүрген жер – соқпақ, мың адам жүрген жерде жол қалады» дегендей біздің діттеген жерімізге дәл уақытында, әрі қауыпсіз жетуіміз үшін еңбек етіп жүрген жандарға тілеріміз темір тұлпарларыңыз тек тоқтамасын демекпіз.
Ұмытпаған жөн — Такси қызметін ұсынушылар үшін де бәрі оп-оңай емес. Өйткені, түрлі адам, түрлі мінез, түрлі жағдай.
Comments