ЖаңалықтарЖастар саясатыҚоғам

ІЗГІЛІКТІҢ ІЗІМЕН 

Ұлт пен ұрпақтың тәрбиешісі əйел екені бұрыннан белгілі. Ол шаңырақтың да ұйтқысы. Мұндай әйел-аналар арамызда сан мыңдап жүр. Мынау жалаңдап тұрған жаһандануға жұтылып кетпей, қазақ деген ел болып тұрғанымыз да солардың арқасы десек артық айтқандық емес.

Жуырда Түркістан облысындағы Ордабасы аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлия Тайтелиеваның ұйымдастыруымен Темірландағы «Жастар сарайында» «Ізгіліктің ізімен» атты іс-шара өтті. Мұнда жастар тіршілігінде түрлі қызмет атқарып, бар өмірін ауданның экономикасының дамып, көркеюіне үлес қосқан азаматтардың сүйікті жарларымен кездесті. Олардың бірі — бұл күнде сүйікті де қадірлі əже, енді біреулері — ардақты ана. Олар кездесуге жиналған жастар алдында отбасы, ондағы сыйластық пен мейірімділік, махаббат туралы қызықты əңгімелер айтты.

Осындай тамаша іс-шаралар ұйымдастырып жүрген Гүлия Тайтелиева əпкемізге алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Ауданның ішкі саясатында ұзақ жыл басшы қызметін атқарған ол үнемі жастарға тəлім-тəрбие беретін осындай кездесулерді өткізіп жүргені.

МАҚТААРАЛДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Алдыңғы

Қазақстан мен Өзбекстанның кәсіпкерлері 900 мың долларға экспорттық келісім жасады

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *