БілімЖаңалықтарҚоғам

ИГІ ІС ӨМІРШЕҢ БОЛСА ДЕЙМІЗ

Жалпы, есейгенде көп адамдар туған жерін ұмытып, жоламай кететіні бар. Сол қатып, қасаңданып бара жатқан стереотивті бұзып, өзі оқыған Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Бейсен Оңтаев атындағы орта мектептің тұңғыш түлегі, осы білім ордасында алғаш еңбек жолын бастаған, белгілі журналист Әсет Әссанди 2022-2023 оқу жылынан бері «Әсет Әссанди олимпиадасын» ұйымдастырып келеді. Алғашқы тапсыруына қатысқан кезде мен оның бұл іс-әрекетіне риза болып, келесі жолы осы үздік оқушыларды оқытқан мұғалімдеріне аз да болса тарту жасайын деп ойлағанмын. Сөйтіп келесі кезектегі стипендия тапсыру кезінде солай болды да. Үздік 12 педагогке Muzbalaq.kz сайтының Алғыс хаты қоса тапсырылды. Өйткені, әрбір дананың да, қарапайым жұмысшының да ұстазы бар. Әсіресе, мектепте оқушының пәнге қызығушылығы көбіне ұстазға байланысты. Ағылшынның ұлы ағартушысы Уильям Уорд «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген екен. Сол айтқандай, ұлы мұғалім әр шәкіртін шабыттандыра білсе, онда оның мықты да болғаны, діттегеніне жеткені де. Сондықтан, әр азаматтың қандай болмағы ұстазына да көп байланысты.

Бұл жерде, негізгі айтпағым, Әсет Әссандидің бұл бастамасының  әрбір ұстазға, ата-анаға, әсіресе, шәкіртке жігер беретіні сөзсіз. Өткенде қызы бірінші орын алып, сахнаға көтеріліп бара жатқанда апасының қуаныштан жылағанын көріп, қатты толқыдым. Әрине, бұл ақша ешкімге мәңгілік азық емес, бірақ ананың қызы көпшілік алдында жеңіске жетті. Міне, оқушы осы ісі арқылы болашақта алға ұмтылса, мақсатына жететінін түсінді. Бұл өзі үшін де, ата-ана үшін де қуаныш әрі жетістік.

Иә, осындай елім деген азаматтар туған жеріне, білім ұясына көңіл бөліп, қолынан келгенінше қызмет етсе ғой, дейсің… Өзгелер де іліп әкетіп,  осындай игі іс өміршең болса, деп армандайсың….

Базаркүл ҚАЛБЫР

БҰҰДБ Қазақстанда климатқа бейімделген агротехнологияларды ілгерілету жобасын сәтті аяқтады

Алдыңғы

«АРЫС МТ» — ОРТА АЗИЯДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ҚҰРЫЛҒЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *