ӘдебиетМәдениетРуханият

Ізденгіш те еңбекқор журналист-жазушы

ҚазМу-дің журналистика факультетін бітіріп,  еңбек жолын Созақ аудандық «Молшылық үшін» газетінде бастаған тынымсыз да еңбекқор Сәкеңнің қашан көрсеңіз де бірқалыпты томпаңдап, журналистік те, жазушылық та қызметін абыроймен атқарып жүргенін көресіз. Тағы біреулерді жамандап, өсек-аяңмен айналысқанын да байқамайсыз. Өзі істеген басылымдарда түрлі тақырыпта қалам тербеген материалдары үздіксіз бұрқырап шығып жатады. Бүгін сол ағаның — Сабырбек ОЛЖАБАЙДЫҢ — қос алтыны иемденген күні. Ол Қазақстан Журналистер және Қазақстан Жазушылар одақтарының мүшесі.

Ал марапаттарына келетін болсақ, ізденгіш  қаламгер журналистика саласындағы ұзақ жылғы және жемісті еңбегі үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Түркістан облысы әкімінің, мәслихатының Құрмет Грамоталарымен марапатталған. «Алтын қауырсын» сыйлығының иегері, 2005 жылдың «Ең үздік жазушысы». Ғабит Мүсірепов, Төлеген Айбергенов және Садықбек Адамбеков атындағы сыйлықтың лауреаты, қоғам және мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың туылғанына 110 жыл толуына орай өткізілген республикалық байқаудың 1-орын иегері. Журналистер одағы тағайындаған Юрий Кунгурцев атындағы («Үздік публицистика») және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтарының лауреаты. Ресейдің Халықаралық Психология академиясының Құрметті мүшесі. Қазақстанның құрметті журналисі. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Баспасөз саласының үздігі» төсбелгісінің иегері. Қазақ журналистикасының қайраткері. ТҮРКСОЙ-дың Құрмет грамотасының иегері. Мәдениет саласының үздігі. Созақ,  Бәйдібек, Жетісай аудандарының Құрметті азаматы.

«Шабыт – жалқаулардың үйіне бас сұқпайтын тәкаппар ару» деген екен П.Ч.Чайковский. Сол айтқандай, Сәкең нағыз қажырлылықпен іздене білетін,  ұқыпты да зейінді, еңбекқор, оқырманы мол жазушының бірі. Жазушының «Ашутас», «Мүсәтір», «Емеурін», «Ұрланған тауық туралы хикая», «Жалдамалы құда», «Ақырзаманның ауруы», «Ғасыр машақаты» сияқты сатиралық, «Жылыбұлақ», «Ақсақ Темірдің алмас қылышы», «Ақілгек» атты прозалық, «Қыз жылаған түн», «Айбалталы айкезбе» атты детективтік, «Ай астындағы ару» атты поэзиялық кітаптары шыққан.

Журналист-жазушы С.Олжабай бұл күнде «Оңтүстік Қазақстан» газетінде өнімді еңбек етіп келеді.

Қадірлі Сәке! Бүгінгі жеке мерекеңізбен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз. Әрқашан да абырой биігінен көріне беріңіз.

 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА «GASTRO FEST TURKISTAN — 2023» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *