ЖаңалықтарҚоғамСаясат

КЕНТАУЛЫҚ 97 ЖАСТАҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ: САЙЛАУ – ЕЛІМІЗДІҢ ДАМУЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Кентау қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Бадан Төребаев саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасады. Елдің жарқын болашағын тілеп, батасын берді.

Ардагер 1926 жылы дүниеге келген. 1944 жылы 15 қазанда әскер қатарына шақырылып, Беларусь майданында ауыр шайқаста ерекше ерлігімен көзге түскен. Сондағы жанқиярлығы ескеріліп, «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен және І дәрежелі «Ұлы Отан Соғысы» орденімен марапатталған.

— Сайлау – еліміздің дамуы үшін маңызды. Саяси науқанда әрбір азамат саналы түрде сайлауға қатысып, дауыс беруі керек деп санаймын. Баршаңызды дауыс беруге шақырамын. Өйткені әр азаматтың өзінің тағдырына, қала берді ел тағдырына бейжай қарамауы керек. Бұл сайлаудан, келешектен үлкен үміт күтемін, — деді ардагер.

Майдангер соғыстан кейін елге аман оралып Кентау қаласындағы «Мырғалымсай» кенішінде ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Отбасында 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Кентаулық 97 жастағы ақсақал бүгінде 14 немере, 2 шөбере сүйіп отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

САЯСИ НАУҚАНДА СОЗАҚТЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР БЕЛСЕНДІ

Алдыңғы

САЙЛАУ – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *