Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙЛАУ КЕЗІНДЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

Түркістан облысында ерекше жағдайларды қажет ететін 20 122 мүгедектігі бар адам тұрады. Осыған орай дауыс беру кезінде сайлау учаскелерінде дауыс беруге қолжетімді жағдай жасалған. Оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатындар – 3 099 адам, көру қабілетінен толық айырылғандар – 2 664 адам, есту және сөйлеу қабілетінен толық айырылғандар – 2316 адам.

Сондай-ақ, өңірде 941 сайлау учаскесінің ішінде 915-і азаматтың тұрғылықты жері бойынша белгіленген, ал қолжетімділігі шектеулі 26 сайлау учаскесі бар.

Бүгінгі таңда барлық сайлау учаскелері мүгедектігі бар адамдардың кіріп шығуына бейімделіп, inva.gov.kz сайтындағы Интерактивтік қолжетімділік картасына тиісті мәліметтері енгізілген. Сайлау учаскелері пандустармен, қосымша жарақтандыру және тактильді белгілермен қамтылған.

Сайлау күні мүгедектігі бар адамдарға облыс көлемінде 43 инватакси және 50 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді. Қосымша қажеттілік болған жағдайда сайлау учаскелерінде демеушілер есебінен 60 көлік ұйымдастырылады. Есту қабілеті нашар азаматтар үшін сайлау учаскесіне 114 ымдау тілі маманын тарту жоспарлануда.

Айта кетсек, 2020 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ыңғайлы пайдаланушы интерфейсін қамтамасыз ету мақсатында әрбір объектінің қолжетімділігін бағалауға, пікірлер қалдыруға мүмкіндік берген «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталымен біріктіру арқылы порталды жаңғырту жүргізілген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІН ЕСЕЛЕЙТІН САЯСИ НАУҚАН

Алдыңғы

САЙЛАУ — ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ КӨРІНІСІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *