БілімЖаңалықтар

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП»: 25 НЫСАННЫҢ 12-СІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БИЫЛ БАСТАЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша кеңес отырысы өтті.    «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Маулен Айманбетов пен тиісті сала басшылырының қатысуымен өткен жиында мектеп құрылысы үшін жер телімдерін ресімдеу, инженерлік желілерді жобалау, құрылыс компанияларына қойылатын біліктілік талаптары пысықталды. Сондай-ақ, отырыста ұлттық жобаны іске асыруда жергілікті отандық материалдардың пайдаланылуы, оқушылар үшін қауіпсіз орта құру қажеттілігі ерекше атап өтілді.

Шымкент қаласы бойынша орта білім беру нысандарын салу жөнінде Жол картасы жасалады. Ұлттық жоба аясында қалада 25 мектеп салынады, биыл – 12, келесі жылы 13 ғимараттың құрылысы жүргізіледі.

Қазір қалада үш ауысымды 4 білім ошағы бар. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін ғимараттар есебінен бұл мәселе түбегейлі шешіледі.

Қала басшысы жауаптыларға салынатын ғимараттардың сапасын, өндірістік кестеге сай аяқталуын қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ құрылыс жүргізілетін аумақтарды тиісті инфрақұрылым жүйелерімен қамтамассыз ету, ғимараттардың барлық талаптарға сай жабдықталуы бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

ТҮРКІСТАН: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Алдыңғы

ЖАРЫҚТАНДЫРУ КЕЗІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ОРНАЛАСҚАН КӨШЕЛЕРГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *