Жаңалықтар

МӘЖІЛІС САЙЛАУЫ: ТАҒЫ 37 ШЕТЕЛДІК БАЙҚАУШЫ АККРЕДИТТЕЛДІ

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына тағы 37 шетелдік байқаушыны аккредиттеді.
«2023 жылғы 20 қаңтарда халықаралық байқау институты ашылғаннан бері Орталық сайлау комиссиясы 1 шет мемлекеттен, 2 халықаралық ұйымнан 25 байқаушыны ресми тіркеуден өткізді. 2023 жылғы 9 ақпандағы жағдай бойынша комиссияға Сыртқы істер министрлігінен 2 шет мемлекеттен, 1 халықаралық ұйымнан 37 байқаушыны тіркеуден өткізуді ұсынды», — деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман комиссия отырысында.
Оның нақтылауынша, Қытай Халық Республикасынан 2 және Нидерланды Корольдігінен 3 байқаушы ұсынылған.
«Сонымен қатар Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан 32 байқаушы ұсынылды», — деді ол.
Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы ұсынылған байқаушыларды тіркеу туралы қаулы қабылдады.

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТЫҒЫНА 7 ПАРТИЯДАН 283 КАНДИДАТ БӘСЕКЕЛЕС БОЛАДЫ

Алдыңғы

7 ПАРТИЯ МӘЖІЛІСТІҢ 69 МАНДАТЫ ҮШІН САЯСИ ДОДАҒА ТҮСЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *