Шымкентте жыл сайын баспанаға қол жеткізген халық саны артып келеді. 2022 жылдың өзінде қалада сатып алу құқығынсыз 1600-ден астам тұрғын баспаналы болған. Бүгінде Шымкент қаласында баспана кезегінде 49 970 азамат тұр. Оның ішінде:
— жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 1 941;
— көпбалалы отбасылар – 10 524;
— халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 17 330;
— мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 20 147;
— жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар – 28.
Шымкентте тұрғын үй алу тізімдері kezekte.kz республикалық электрондық порталы арқылы ашықтықты қамтамасыз ете отырып жүргізіледі. 2022 жылы осы портал арқылы тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтардың кезектілік тізіміне түгендеу жұмыстары жүргізілді. Түгендеу жұмыстары кезінде иелігінде тұрғын үй тіркелген, басқа елді мекенге қоныс аударған, санатын жоғалтқан, қайтыс болу және тұрғын үймен қамтылу себептерімен 3294 азамат тұрғын үй алу тізімінен шығарылды.
Айта кетсек, шаһарда өткен жылы сатып алу құқығынсыз 1605 пәтер табысталды. Оның ішінде, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы — 218, көпбалалы отбасылар — 476, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар — 54, 857 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға берілді.
Comments