Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ МИНИСТРІ СУ ТАСҚЫНЫ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин өңірдегі су тасқыны мәселесі бойынша жедел кеңес өткізді.
Жиынға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай, сондай-ақ өңірдегі жауапты сала өкілдері қатысты.
Кеңесте жағдайдың күрделенуіне жол бермеу және оның салдарымен жедел күресу тапсырылды.
Бірлескен күшпен Майдантал ауылын су басуға жол берілмеді. Құтқарушылар мен ЖАО тәулік бойы жұмысты жалғастырып жатыр.
200-ден астам адам және 800-ге жуық ірі қара мал эвакуацияланды.
Инертті материалдары бар 13 мыңнан астам қап төселді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.


Түркістан облысында жаңбыр тоқтады. Алайда су ағыны жалғасып жатыр. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді.
Жағдай ерекше бақылауда. Республикалық және облыстық жедел штабтар, «жедел желі» жұмыс істейді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: МИНИСТР САУРАНДАҒЫ СУ БАСУ САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *