БілімЖастар саясаты

Мамандығым — мақтанышым!

Өзіңізге ұнайтын нәрсені жасаңыз, сонда сіз өміріңіздің бір күнінде  де ​​жұмыс істемейсіз.

Конфуций. 

                                                                                       Мамандық – әр адамның өміріндегі сүйіп жасайтын ісі. Мамандық таңдау кезінде кез-келген адам  дұрыс шешім қабылдай білуі керек. «Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек» деп жатады үлкен кісілер. Бірі жар таңдау болса, екіншісі — мамандық таңдау. Яғни, таңдаған мамандығымыз біздің өмірлік нанымыз.Мамандық таңдау барысында өз қабілеттеріңіз бен қызығушылығыңызға басты мән берген жөн.Өмір бойы жұмыс жасайтын бір істі – дұрыс таңдай білу керек. Ата-ананың ойымен ақылдасып,шешім сізде қалу керек. Осы айтылған ақылдарды ескере отырып,бізде бұл кезеңнен өттік. Біздің мамандық – шетел тілі мұғалімдерін даярлау:екі шетел тілі. Мамандығымызды таңдағанымызға мүлдем өкінбейміз. Сіздеде өз мамандығыңызды таңдағанда осындай сезім сезінуіңіз керек. Неге шетел тілдері? Себебі тіл білудің пайдасы болмаса зиянын ешқашан көрмейсіз. Қазір қолданып жатқан смартфондар мен ноутбуктер ағылшын немесе тек орыс тілінде. Ағылшын тілі —халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай мен испан тілінен кейінгі халық саны бойынша ана тілі ретінде ең көп пайдаланылатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары,Жаңа Зеландия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады. Осыншама кең тараған тілді білудің пайдасы көбірек емеспе? Болашақта шетелге саяхаттап жатсаңыз сол жақтың тұрғындарымен аудармашысыз өзіңіз тілдесіп түсініп жүргеніңіз керемет емеспе? Ағылшын тілі өте қызық әрі үйренуге оңай тіл. Бұдан бөлек тағы кәріс,қытай және француз тілдерін оқу жоспарымызда бар. Тіл үйренсең емін еркін сөйлей алсаң араласатын адамыңда өте көп болады. Шет елге шыққанда олардың салт-дәстүрімен танысып,тұрмыс-тіршілігін зерттеп қайта аласың. Әлемді басқа қырынан тани бастайсың. Көзқарастарың өзгеріп, жаңа әлемге қадам басасың. Мамандығымыз өз қызығушылықтарымыздың туындысынан таңдалған шешім. Біздің мамандықты оқытатын оқу орнынан таңдауымыз Шырайлы Шымкент қаласындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ университеті болды. 85 жылдық тарихы бар қасиетті оқу ордасының білім алушылары болғанымызға қуанамыз. Өйткені тәлімгер мен мекеменің атмосферасы ерекше. Тәлемгерлер біраз жылдық тәжірибелері бар, нағыз маман шығаруға қабілетті тұлғалар. Өзіндік әдіс-тәсілдері арқылы үйрететін мықты тұлғалар. Сонымен қатар ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ университеті шетелдік Лодзь университетімен, Карой Эстерхази атындағы қолданбалы ғылымдар университетімен, Гази университетімен серіктес. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ университеті ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттерге 1 семестр басқа өңірлерде білім алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда оқу ордамызда ақысыз,тегін түрік тілі курсы өткізіліп жатыр. Бұл оқу ордамыздағы тіл үйренуге қызығып жүрген студенттерге керемет мүмкіндік. Дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпаған. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ. Бірақ “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте”деген асыл сөзді ұмытпаған жөн. Сізде тілдерді үйрену,жалпы педагогика саласына қызығушылығыңыз болса осы мақала сізге көмегін тигізді деген пікірдеміз.

Исахова Л.Т, Тайтелиева М.А. , Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары,

Амандық Ж., Сман А.
 1703-11-1 тобының студенттері 

2022 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН 193 ОТБАСЫ ҚОНЫС АУДАРҒАН 

Алдыңғы

ШАРДАРИНСКОЕ ВОДОХРАНИЛИЩЕ ЗАПОЛНЕНО НА 84 ПРОЦЕНТА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *