Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ОҢ ТӘЖІРИБЕСІ ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРГЕ ҮЛГІ БОЛМАҚ  

Үкіметтің бүгінгі отырысының күн тәртібінде еліміздегі кәсіпкерлік қызметті «жаңа парақтан бастап» реттеуді іске асыру сонымен қатар орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесу барысы қаралды.

Отырыста бірқатар ведомство басшылары мен Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы Ғ. Қойшыбаев тақырыптар аясында баяндама жасады.

Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 3 наурызында «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Онда «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін», — делінген.

Осыған сәйкес Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды қабылдау жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес қала басшысы өткен жылы 81 елді мекенді аралап, тұрғындармен 473 кездесу өткізді. Жалпы кездесулерге 56 760 тұрғын қатысып, 2 354 мәселе көтерілген, сұрақтардың 69,1 пайызы оң шешімін тапқан.

Қала әкімінің халықпен кездесуі жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны мәлім болғаннан кейін, Ұлттық экономика министрі Шымкент қаласы әкімдігінің азаматтарды қабылдаудағы тәжірибесін өзге өңірлерде қолдануды ұсынды.

Ал Шымқалада бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба береді. Айта кету керек, қала әкімі әр айдың үшінші сәрсенбісінде азаматтарды бірыңғай қабылдауын өткізеді.

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ — ЕҢ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ  

Алдыңғы

2022 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН 193 ОТБАСЫ ҚОНЫС АУДАРҒАН 

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *