Елімізді біртұтас мығым мемлекетке айналдыру үшін бізге тыныштық пен бірлік аса маңызды. Қазір қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал ішкі бірліктің бекемдігін іс жүзінде сын тезінен өткізіп жатыр.
Қазақстанда этносаралық қарым-қатынас саласындағы сындарлы саясат – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікке негізделген. Бұл өз кезегінде мемлекет құраушы қазақ халқының маңайына этностық топтарды біріктіріп, қазақстандық біргейлікті қалыптастыруды көздейді. Осы орайда, былтыр Шымкент қаласындағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және этностар жинақы қоныстанған аумақтарда мемлекеттік этносаясатты түсіндіру бағытында 23 тұрғын алапта тұрғындармен тақырыптық кездесулер ұйымдастырылды. Биыл осы мақсатта 81 тұрғын алапты түгел қамту жоспарда бар.
Кездесулерді көшелерде, спорт алаңшаларында, мешіт аулаларында, мейрамханалар мен білім ордаларында өткізу қолға алынды. Түсіндіру кезінде арнайы бейнефильм көрсету, азаматтармен пікір алмасып, жергілікті жерде қалыптасқан ахуалды сараптау басты назарда. Лекторларды мақсатты аудиторияға сай дайындығын пысықтау, әдістемелік материалдармен қамту жайы да ескерілген.
Бүгінгі таңда бірлік пен достыққа бағытталған ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүзеге асыруға аудан әкімдерінің орынбасарлары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың (ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі, медиация кеңесі, «Ассамблея жастары» ұйымы) өкілдері мен кәсіби медиаторлар және «Қоғамдық келісім» мекемесінің мамандары жұмылдырылған.
Осы бағыттарда жүргізілген жұмыстардың нəтижесінде этнос өкілдері жинақы тұратын аумақтарда қалыптасқан ахуалға кері ықпал ететін ықтимал жағдайлардың алдын-алу топ мүшелеріне жүктеліп, кез келген деңгейдегі тұрмыстық дау-дамайды этномедиация әлеуетімен ұтымды реттеу тәжірибеге енгізілуде.
А.Исаева – «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы
#Бірлікдамуүшін
#ҚоғамдықКелісімБаспасөзҚызметі
Comments