Үшінші мегаполисте өткен жылдың соңында жаңа Тұран ауданы құрылған болатын. Осыған байланысты бүгінде 5 ауданның шекарасы нақтыланып, әр аудандағы мекенжайлар «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне тиісті өзгертулер бойынша енгізілуде. Сондай-ақ, осы ақпараттық жүйеде Тұран ауданы бойынша мекенжайлар тұрақты беріліп келеді.
Бүгінгі таңда қаланың дамуы солтүстік бағытта жүргізілуде. Атап айтқанда, олар – Бозарық, Бозарық-2, Бозарық-3, Асар-2 шағынаудандары. Ал әкімшілік-іскерлік орталықтың егжей-тегжей жоспарлау жобасына сәйкес, 481,1 га аумаққа әкімшілік, көп салалы мәдени, оқу-ағарту және басқа да халыққа қызмет көрсету ғимараттары, көп қабатты тұрғын құрылыс нысандары салынып, игерілуі толық аяқталуда.
Мегаполистің солтүстік-батыс бөлігіндегі Шымкент-Сити шағынауданының егжей-тегжей жоспарлау жобасы бойынша 576 га аумаққа инфрақұрылым жүргізіліп, құрылыс нысандары салынуда. Сонымен қатар, Солтүстік-шығыс бөлігінің (Тұран шағынауданы) егжей-тегжей жоспарлау жобасы бойынша (1051 га) үйлер аумағына инженерлік жүйелер мен көп қабатты үйлердің құрылысы салынып, игерілуде.
Айта кетейік, Шымкенттің жаңа бас жоспары биылғы жазда бекітіледі деп күтілуде. Ал қазіргі қолданыстағы бас жоспар 2012 жылы бекітілген. Оның негізінде қала аумағында 70 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп, Шымкент қаласының әкімдігінің қаулысымен бекітілген.
Comments