ЖаңалықтарҚоғам

ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТАР СҰРАНЫСҚА ИЕ? 

Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының «Жұмыс берушілерді қолдау» бөлімі электронды еңбек биржасына тұрақты түрде талдау жасап отырады.

Сараптамалар қорытындысына сүйенсек бүгінгі таңда «Enbek kz» порталы бойынша 2900 мамандық бойынша 7000 жуық бос жұмыс орны бар. Олардың басым бөлімі білім беру, медицина, қаржы және өндіріс салаларына қатысты. Жекелей талдау нәтижесіне сүйенсек – бастауыш сынып мұғалімі, психолог, тәрбиеші мен логопед мамандығына сұраныс жоғары.

Жұмыс берушілер тарапынан жарияланған бос жұмыс орындарының қатарында — инженер, электромонтер, механик пен автослесарь іздеушілер де көп. Еңбек нарығында арнайы біліктілігі жоқ мамандар да үлкен сұранысқа ие. Қазірде 1797 жұмыс орны қосалқы жұмысшылар мен санитар мамандарын жұмыспен қамтуға дайын.

Ал биыл жаңадан құрылатын жұмыс орындарына жасалған шолу қорытындысына сүйенсек — өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа ұқсас кәсіп жұмысшылары үшін 28 жұмыс орны, қызмет көрсету мен сату саласында — 277, техник мамандар үшін – 221 жалпы – 1500-ден аса уақытша және тұрақты жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, бос жұмыс орнын іздеген қала тұрғындары өз тұрғылықты мекен-жайлары бойынша халықты жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгіне алады.

1.Абай ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: Ұ.Арғынбеков к-сі, №243/3.

2.Әл-Фараби ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: А.Байтұрсынов және Ұ.Арғынбеков көшелерінің қиылысы, №201.

3.Еңбекші ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: Әл-Фараби алаңы, №3/2.

4.Қаратау ауданы бойынша бөлімше мекен-жайы: «Нұрсат» м/а, С.Бәйтереков к-сі, №89.

СПОРТ БАРШАҒА ҚОЛЖЕТІМДІ   

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТЕ БЕС АУДАННЫҢ МЕКЕНЖАЙ ТІРКЕЛІМІ ЕНГІЗІЛУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *