Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы 2022 жылы мегаполис мәдениетін дамытуға қатысты көптеген іс-шара өткізді. Олардың қатарында түрлі байқаулар мен фестивальдер де болды.
Сәуір айында Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде «Терме – өсиет бұлағы» атты республикалық жаңа термелер байқауы өтті. Қазақ руханиятының маңызды бөлшегі болған әдебиет әлемі мен термені болашақ ұрпаққа насихаттау, төл өнеріміздің қорын жаңа туындылармен толықтыру мақсатында ұйымдастырылған байқау жоғары деңгейде өтіп, Жәкен Омаров, Айдос Рахметов, Шал Кенжебай, Сүндет Мірәлиев, Заттыбек Көпбосынұлы секілді танымал өнер адамдары қазылық етті. Бас жүлдені шымкенттік Ғабит Шырынбеков жеңіп алып, 1 000 000 теңгені иеленді.
Бұған қоса «Рухани жауһарлар» атты дәстүрлі әншілер мен термешілердің республикалық байқауы, «Өшпейді мәңгі батырлардың есімі» тақырыбында жазба ақындардың республикалық жыр мүшәйрасы, қала күніне орай «Отбасы Fest» байқауы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.
Мүшәйралар мен байқауларға еліміздің түкпір-түкпірінен қатысушылар келіп, мегаполисте бірнеше күн қонақ болды. Байқау жеңімпаздар мен жүлдегерлеріне қомақты ақшалай жүлде тапсырылды.
«Шымкент келбеті»
Comments