ЖаңалықтарҚоғам

ШЫМКЕНТ: ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН 130-ДАН АСА АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ   

Пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға әлеуметтік – құқықтық көмек берудің бірден бір жолы ол азаматтарды жұмыспен қамту.

2022 жылы жұмыспен қамту орталығының белсенді шараларына, пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 132 адам қамтылып, жұмысқа орналасты. Оның ішінде квота бойынша 81 адам жұмыс тапқан. Яғни, пробация қызметінде тіркелгендерді қоғамға бейімдеу, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп олардың тұрмыстық әлеуетін жақсарту мақсатында арнайы квота бекітіледі.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2023 жылға арналған 19 мекемеден 54 орынға, ал пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін 20 мекемеден 56 орынға квота бекітілді.Мекемелерден квотаға келісім алу барысында, мамандықты талап етпейтін жұмыс орындарын ұсынуға басымдық берілген. Себебі мұндай азаматтардың басым бөлігі жоғарғы оқу орындарын аяқтамаған.

Ал жазасын өтеп келгендер мен пробация қызметінде тіркелгендер үшін жұмыс беруші кәсіпорындардың қатысуымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу арқылы 51 адам тұрақты және уақытша жұмыс орындарымен қамтылды. Әрбір жәрмеңкеде жұмыссыз жүрген жандардың қабілетіне қарай түрлі жұмыстар ұсынылады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ МЕН БІРҚАТАР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН ТЕКСЕРДІ

Алдыңғы

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫНА АЗАМАТТАР КЕДЕРГІСІЗ ҚАБЫЛДАНУДА     

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *