Жаңалықтар

ҮКІМЕТ 2027 ЖЫЛҒА ДЕЙІН АУЫЛДАРДА 40 МЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫН ҚҰРМАҚШЫ

Премьер-Министр Әлихан Смайылов 2027 жылға дейін ауылдарда 40 мың жаңа жұмыс орны құрылатынын мәлім етті.

«Биыл жалпы құны 143 млрд теңгеге 1,5 мың жоба жоспарланған. 2027 жылға қарай ауылдық елді мекендерде судың сапасы мен жолдардың жағдайы жақсарады, инженерлік желілер жөнделіп, әлеуметтік, мәдениет және спорт объектілері салынады. 40 мыңға жуық жұмыс орны құрылады», — деді ол Үкімет отырысында.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, жобадағы іс-шаралар ауылдардың дамуына жаңа серпін беруі керек.

Ал Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәліметі бойынша, шекараға жақын жатқан ауылдарда 1,7 млн адам тұрып жатыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

18 ҚАҢТАРДА ҚАЗАҚСТАНДА ТЕЛЕРАДИОХАБАР ТАРАТУ СИГНАЛЫ УАҚЫТША ӨШІРІЛЕДІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ АМАНАТЫ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *