ӘлеуметЖаңалықтар

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕСІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ДАМИДЫ

Шымкенттегі Еңбекші ауданына қарасты Тұрдыабад, Тоғыс, Маятас, “Еламан Сиреневая” көшесі, Бадам, Бадам-1, Айнатас, Абдулабад пен Қаратөбе елді мекендері 100% сапалы электр жарығымен қамтылған. Қазіргі кезде «Қарабастау» т.а. жаңақұрылыс аумағындағы 120 участокты 2024 жылы «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-ның инвест бағдарламасы аясында қамту жоспарлануда.

Бұл туралы бүгін аудан әкімі Досбол Есілбек қала әкімі Мұрат Әйтеновтің Еңбекші аудан тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.

-Аймақтағы бірнеше елді мекендерді көгілдір отынмен қамту жұмыстары жалғасуда. Жыл соңына дейін “Еламан Сиреневая” көшесі, Жұлдыз, Жалын, Қарабастау мен Қаратөбе тұрғын алаптары газға қосылатын болады. Жалпы газбен қамту бойынша негізгі халық шоғырланған аумақтар қамтылған. Жаңақұрылыс аумағында Қарабастау тұрғын алабында 1470 абонент, Жұлдыз тұрғын алабында 484 абонент, Жалын тұрғын алабында 258 абонентті сапалы табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме тарапынан жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Құрылыс жұмыстары келер жылы басталатын болады,-деді аудан әкімі.

Жол инфрақұрылымы бойынша былтыр 7,9 шақырымды құрайтын 7 көше асфальтталса, биыл 5,1 шақырымды құрайтын 5 көшеге асфальт төселеді. Сонымен қатар, өткен жылы 3 көше атап айтқанда, Көкжиде (Дачная), Дегерес, пен Асубұлақ көшелері жарықтандырылды. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ШАҺАРДЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ШІЛДЕДЕ ҮКІМЕТТІҢ БЕКІТУІНЕ ТАПСЫРЫЛАДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА БОРАН САЛДАРЫНАН ҚҰЛАҒАН ЭЛЕКТР БАҒАНАЛАРЫ ТОЛЫҚ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *